История Фонда

ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы қаулысымен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ («ҚИҚ» АҚ/Қор) құрылды. ҚР Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №136 жарлығымен Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне сенімгерлікпен басқаруға берілді. 2012 жылғы 28 желтоқсанда «ҚИҚ» АҚ жаңа даму стратегиясын қабылдады. Осы Стратегияға сәйкес Қор қайта құрылымдау және стресті активтерді басқару саласындағы кәсіби басқарушы компания ретінде қалыптасуға бағыт алды. ҚР Президентінің 2013 жылғы 25 мамырдағы №516 жарлығымен «ҚИҚ» АҚ-ның 100%-дық акциялар пакеті «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға берілді.

2021 жылғы 5 қазаннан “Қазақстанның инвестициялық қоры” АҚ “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингі” АҚ еншілес компаниясы емес, ҚИҚ бәсекелес ортаға өтіп, жеке компания болып табылады.