Инвестициялық қор СҚО-ға үш элеваторды сатты
Жариялау күні : 31.10.2019

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) Солтүстік Қазақстан облысында қазақстандық инвесторларға 3 элеваторды іске асырды.

Мәселен, 2018 жылғы қарашада «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) Солтүстік Қазақстан облысында 4 элеваторды қабылдауды бастады, олардың ресейлік құрылтайшысының Қор алдында берешегі болды. Сот шешімі бойынша бұл элеваторлар Қордың меншігіне өтті.

Осы уақыт ішінде Булаев элеваторының, Қиялы - Астық элеваторының, Смирнов элеваторының, Петропавл-Астық элеваторының технологиялық қызметі толық тоқтатылған жоқ, кейіннен астықты кептірумен, тазалаумен және сақтау процесімен байланысты барлық технологиялық жұмыстар үздіксіз болып қалды.

«Астық туралы» ҚР Заңына және қолданыстағы заңнамаға сәйкес элеваторлар gosreestr.kz электрондық сатып алу порталында жария саудаға шығарылды. Алайда, сатып алушылардың болмауына байланысты сауда-саттық өткізілмеді деп танылды, осыған байланысты осы активтерді қазақстандық инвесторларға бөліп-бөліп сату жүзеге асырылды.

Ең ірі актив, «Булаев элеваторы», бірінші болып, 2019 жылы 31 қаңтарда «Agrimer» ЖШС бөліп-бөліп сату арқылы жүзеге асырылды.

«Agrimer» ЖШС директоры Александр Есимшарипов хабарлағандай, Булаев қаласындағы элеватор - еліміздегі ең ірі кәсіпорындардың бірі.

«Элеватор 160 мың тоннаға есептелген. Кірме темір жолдары бар. Экспортқа тікелей шығу. Инвестициялық қор бізге элеваторды жақсы жағдайда, жұмыс істейтін, өзара тиімді жағдайда сатқан, осы жинау көрсеткендей – біз белсенді жұмыс істейтін боламыз. Мұнда астықты тұрақты тиеу, өңдеу жүзеге асырылады. Үздіксіз жүк айналымы. Қазір, қазанның соңында элеватор толық жүктелмеген, біз ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден жаңа астық партияларына дайынбыз, - деп нақтылады «Agrimer» ЖШС директоры.

Қиялы-Астық элеваторын «Қиялы элеватор» ЖШС осы жылдың 19 шілдесінде бөліп-бөліп төлеу арқылы жүзеге асырды, элеватор жұмыс істейді, үштен бірге толтырылды және астық қабылдауды жалғастыруда.

Смирнов элеваторы - өңірдегі ең ірі, қуаты 100 мың тоннаға дейін, толық автоматтандырылған элеваторлардың бірі. Активті «Orbis Agro» ЖШС компаниялар тобы іске асырды. «Orbis Agro» ЖШС коммерциялық директоры Ерлан Абдилмажитов хабарлағандай, биылғы жылдың қазан айында жаңа меншік иесі қызметін жалғастыруға лицензия алып, жұмысқа кірісті.

«Бұл элеваторды Біз Қазақстанның инвестициялық қорынан 6 қазанда сатып алдық, элеваторды жинау компаниясына дайындау үшін барлық қажетті шараларды өткіздік, лицензия алдық, бірінші ай жұмыс істеп жатырмыз. Өңірде элеватордың сұранысқа ие болуы үлкен, себебі күздің жаңбырлы болуына байланысты астық ылғалды болып келеді, кептіруді қажет етеді, ал бізде барлық процестер автоматтандырылды. Бір мезгілде қабылдау, кептіру, сақтау және тиеу де орындай аламыз. Кептіргіш арқылы өткізе отырып - біз ылғалдылықтың 6 пайызын бірден алып тастаймыз. Содан кейін тағы бір рет кептіргішке салу керек болады. Ылғалдылықтың тағы бір пайызын алып тастаймыз - көрсеткішті 14 пайызға дейін жеткіземіз», - деді «Orbis Agro»ЖШС коммерциялық директоры.

Қазақстанның инвестициялық қоры төрағасының орынбасары Алмас Рахимберлиннің айтуынша, Қордың осы активтермен жұмыс істеуіндегі басты міндеті мемлекетке ақшаны қайтару ғана емес, сонымен қатар бірінші кезекте элеваторлардың сақталуын қамтамасыз ету және дұрыс технологиялық жағдайда ұстап тұру болды.

«Элеваторлар - ауыл шаруашылығы аймағы үшін стратегиялық маңызы бар нысандар, өйткені тек элеваторлар жағдайында астық сапасын сақтап, ылғалдылығын азайтуға болады. Біз үшін бірінші кезектегі міндет Қордың балансындағы элеваторларды кәсіпорындарда жұмысын жалғастырып қана қоймай, оларды жаңғыртуды да жалғастыратын жаңа иелерінің сенімді қолына беру болды. Қазір де сол жұмыстар жүргізілуде, «Agrimer» ЖШС элеваторында қалпына келтіру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді, ал Смирнов элеваторы 2020 жылы жаңғырту бойынша бірқатар жұмыстар жоспарланды.

 Алайда, Петропавл элеваторы Қор активінде қалып отыр, оған қатысты Қор оны іске асыру бойынша жұмысын жалғастыруда», - деп Қор Басқармасы Төрағасының орынбасары Алмас Рахимберлин түйіндеді.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ - стресті активтерді қайта құрылымдау және басқару саласындағы мемлекеттік даму институты және басқарушы компания. Қор «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.

Фотосурет галереясы