Тоқыма фабрикалары мен жабдықтары сатылады
Жариялау күні : 04.06.2019

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Шымкент қ. орналасқан тоқыма фабрикалары мен тоқыма жабдықтарының меншік иесі бола отырып, оларды сатуға қою туралы хабарлайды.

Шымкент қ. орналасқан фабрикалар:

1) мына мекенжайы бойынша орналасқан иіру-тоқыма фабрикасы: Шымкент қ., Жансүгіров к-сі, 2:

  • жалпы ауданы 59 587,2 ш. м. ғимараттар мен құрылыстар;
  • жеке меншік құқығындағы жалпы ауданы 14,1662 га жер учаскелері;
  • технологиялық жабдықтар;

2) мына мекенжай бойынша орналасқан иіру фабрикасы: Шымкент қ., Жансүгіров к-сі, 3:

  • жалпы ауданы 14 307,5 ш. м. ғимараттар мен құрылыстар;
  • жеке меншік құқығындағы жалпы ауданы 2,1545 га жер учаскелері;
  • технологиялық жабдықтар;

3) мына мекенжай бойынша орналасқан тігін фабрикасы: ОҚО, Шымкент қ., Қазыбек би к-сі, 52:

  • жалпы ауданы 6 030,8 ш. м. ғимараттар мен құрылыстар;
  • жеке меншік құқығындағы жалпы ауданы 0,8062 га жер учаскелері;
  • технологиялық жабдықтар;

4) мына мекенжай бойынша орналасқан мақта тазалау зауытының жабдығы: Мақтарал ауд., Атакент а., Ташкент к-сі, 112м;

5) мына мекенжай бойынша орналасқан мүлік: Түркістан облысы, Сайрам ауд., Жұлдыз а/о 095 квартал , «Оңтүстік» АЭА:

  • аяқталмаған құрылыс объектілері;
  • пайдалануға берілмеген технологиялық жабдықтар (иіру, тоқу).

Тоқыма фабрикалары мен тоқыма жабдықтарын сатып алу бойынша ұсыныстар мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел к-сі, 55а ғимараты, «Бәйтерек» БО, 3-ші қабат, Активтермен жұмыс істеу жөніндегі департамент.

Барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады:

8 (7172) 55 95 96 ішкі 322, 329 (Активтермен жұмыс істеу жөніндегі департамент)