«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ қашықтықтан жұмыс режимін 1 маусымға дейін сақтайды
Жариялау күні : 10.05.2020

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор, ҚИҚ) COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралу қарқынының жоғары болуына байланысты Қор қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 01 маусымына дейін қашықтықтан жұмыс режимін сақтайтынын хабарлайды.

Осы кезеңде Қор қызметінің бизнес-үдерістерінің бір бөлігі тоқтатыла тұрады. Негізгі бизнес-үдерістерді қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу тәсілімен іске асыратын болады.

- Қағаз хат-хабарларды мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 55а, "Бәйтерек" БО, бірінші қабат (кіріс хат-хабарларды қабылдауға арналған жәшік);

- электрондық хат-хабарларды мына электрондық поштаға жіберулеріңізді сұраймыз: ifk@ifk.kz;

- Қор хат-хабарларын қабылдауға байланысты мәселелер бойынша мына нөмір бойынша хабарласуға болады: +7 (7172) 559 596, ішкі 270;

- Қордың қызметіне байланысты мәселелер бойынша функционалға сәйкес Қор қызметкерлеріне мынадай байланыс деректері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:

Активтерді басқару департаменті: +7 (7172) 559-422 (322, 323, 326); электрондық мекенжайлар: Nassenov@ifk.kz, Neustroeva@ifk.kz, Kattebayeva@ifk.kz.

Талап-арыз жұмысы департаменті: +7 (7172) 559-590 (іш. 340, 341, 343); электрондық мекенжайлар: Suankulova@ifk.kz, Zaitsev@ifk.kz, Kuzenbayeva@ifk.kz.

Қалыптасқан жағдайға байланысты кіріс хат-хабарларды өңдеу мерзімі ұлғайтылуы мүмкін екендігіне түсіністікпен қарастыруыңызды сұраймыз.

Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық тілейміз.