Қазақстанның инвестициялық қоры ШОБ үшін жалдау ақысын есептеуді тоқтатады
Жариялау күні : 23.03.2020

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасындағы Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында берген тапсырмасына сәйкес «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) кәсіпкерлікті қолдау мақсатында шағын және орта бизнес үшін жалдау ақысын есептеуді тоқтатады.

Осылайша, Қор 2020 жылдың 20 наурызынан бастап Қазақстанда төтенше жағдай мен карантиннің қолданылуы кезеңінде шағын және орта бизнес субъектілері үшін жылжымайтын мүлік объектілері бойынша жалдау төлемдерін есептеу үшін 3 айға мерзімін ұзарту арқылы айыппұл мен өсімпұл есептемей тоқтатады.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ - күйзелісті активтерді қайта құрылымдау және басқару саласындағы мемлекеттік даму институты және басқарушы компания. Қор «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады.