Қазақстанның инвестициялық қоры ҚДБ алдындағы берешекті мерзімінен бұрын өтеу ниетін білдіреді
Жариялау күні : 14.09.2021

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор, ҚИҚ) БАҚ пен әлеуметтік желілердегі көптеген жарияланымдарға жауап ретінде жұртшылықты ағымдағы сәтте Қазақстанның инвестициялық қорының менеджменті «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі-ҚДБ) алдындағы берешекті өтеу жөнінде шаралар қабылдап жатқандығы туралы хабардар етуді орынды деп санайды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында ҚИҚ ҚДБ алдында шамамен 19 млрд. теңгені мерзімінен бұрын өтеді.

Ағымдағы сәтте берешекті өтеу бойынша шаралар қабылдай отырып, Жалғыз акционері «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға ҚДБ алдындағы 8,24 млрд.теңге сомасын мерзімінен бұрын өтеу туралы ұсыныспен жүгінді. Осы өтеу жүзеге асырылғаннан кейін ҚИҚ-ның ҚДБ алдындағы берешегі 10 млрд теңгені құрайды.

Бұл ретте, қазіргі уақытта Қордың иелігінде жиынтық 32,5 млрд.теңге баланстағы активтерден және номиналды мәні 15 млрд. теңге дебиторлық берешектен басқа, Қордың иелігінде жиынтық мөлшері 14,6 млрд. теңгеден астам: оның ішінде Қордың ағымдағы және жинақ шоттарында – 9,74 млрд. теңге; бағалы қағаздар түрінде - 4,9 млрд. теңге.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-мен 3 кезеңде ҚДБ инвестициялық жобалары бойынша 48,3 млрд. теңге сомасына талап ету құқығын басқаға беру бойынша 42 шарт жасасты.

Жаңа стратегия шеңберінде 7 жыл жұмысы ішінде Қор 96,7 млрд. теңгеден астам сомаға жобалар бойынша жалпы қайтаруды қамтамасыз етті. Қайтару ақшалай қаражат түрінде де, Қордың балансына қабылданған активтер түрінде де жүзеге асырылды.

ҚДБ алдындағы цессия шарттары бойынша берешек кестеге сәйкес өтеледі, бұдан басқа, 2018 жылы Қор шамамен 30 млрд. теңге, 2021 жылы (жоғарыда көрсетілгендей) - 19 млрд. теңге берешекті мерзімінен бұрын өтеді.