Қазақстанның инвестициялық қорында Директорлар кеңесі өтті
Жариялау күні : 24.02.2020

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесі «Бәйтерек» холдингі Басқарма Төрағасының орынбасары Әнуар Омарходжаевтың төрағалығымен бірқатар мәселелерді қарады.

Күндізгі отырыс барысында ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік аудитінің нәтижелері бойынша есеп және түзетуші іс-қимылдар жоспары; 2019 жылғы төртінші тоқсандағы және 2019 жыл үшін ішкі аудит қызметінің қызметі және корпоративтік хатшының қызметі туралы есеп, сондай-ақ 2019 жылғы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ ішкі аудит қызметінің сапасын ішкі бағалау нәтижелері бойынша есеп бекітілді.

Бұдан басқа, отырыс барысында 2019 жылдың 4-тоқсанына «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ тәуекелдер бойынша есебі; «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның 2020 жылға арналған тәуекелдер тізілімі, сыни тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспары және тәуекелдер картасы бекітілді.

Күндізгі отырысқа қатысушылар 2020 жылға «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның негізгі тәуекел индикаторларын, бизнес-үдерістерінің, тәуекелдерінің және бақылауларының матрицасын бекіту туралы шешім қабылданды; сондай-ақ жарғылық капиталына қатысу үлесінің он және одан да көп пайызы "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ-ға тиесілі «Capital Logistics» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының құзыретіне жататын қызмет мәселелері бойынша - жасалуына «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мүдделі мәміле жасасу туралы шешім қабылданды.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ - күйзелісті активтерді қайта құрылымдау және басқару саласындағы мемлекеттік даму институты және басқарушы компания. Қор «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.