Қазақстанның инвестициялық қорында Директорлар кеңесі өтті
Жариялау күні : 25.09.2019

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесі «Бәйтерек» Холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарходжаевтың төрағалығымен бірқатар мәселелерді қарады. Күндізгі отырыс барысында «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның 2019 жылдың 1 жартыжылдығындағы Даму жоспарының орындалуы туралы есеп бекітілді, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның 2019 жылға арналған бизнес-үдерістер, тәуекелдер мен бақылаулар матрицасына өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ 2019 жылдың 2 тоқсанындағы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның тәуекелдер жөніндегі есебі бекітілді.

Бұдан басқа, «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамының басшы жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу, қызметін бағалау және сыйақы беру ережесі бекітілді.

Күндізгі отырысқа қатысушылар «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның «Элеватор Смирновский» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сатып алу және иеліктен шығару туралы шешімін қабылдады.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ - стресті активтерді қайта құрылымдау және басқару саласындағы мемлекеттік даму институты және басқарушы компания. Қор «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.

Фотосурет галереясы