Шымкентте тоқыма фабрикаларын іске қосу бойынша стратегиялық серіктес анықталды
Жариялау күні : 24.06.2019

22 маусымда Ташкент қ. өткен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысы аясында қазақстандық және өзбек компаниялары бірлескен инвестициялық жобалар бойынша бірқатар инвестициялық ынтымақтастық келісімдерін жасасты.

Шымкент қ. тоқыма фабрикаларын іске қосу және дамыту қажеттілігін назарға ала отырып, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор) Өзбекстанның «Alliance Textile» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығымен стратегиялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім жасады.

Осылайша, Қордың меншік құқығында тиесілі Шымкент қ. тоқыма фабрикаларын іске қосу бойынша міндеттемелерді өзіне алатын тоқыма өндірісін іске қосу және дамыту бойынша стратегиялық серіктес анықталды.

Өзбек тарапы тоқыма фабрикаларының мүмкіндіктерін кеңейтуге қызығушылық білдірді.

«Alliance Textile» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы З.Исмаилов хабарлағандай: «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қарым-қатынасты одан әрі кеңейтудің және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын мойындай отырып, біз бұл жобаны біздің мемлекетірімздің тоқыма саласы үшін өте перспективалы және маңызды деп есептейміз».

Қазіргі уақытта Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 600-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, Қазақстанда өзбек капиталының қатысуымен 1 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді, оның 400-ден астамы бірлескен кәсіпорындар.

«Alliance Textile» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы Өзбекстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп саласындағы ірі бірлестіктердің бірі болып табылады. Компания өзіне 7 тоқыма кәсіпорнын біріктіреді. Қауымдастық тоқыма өнімдері нарығының ірі трейдерлерінің бірі бола отырып, Азия, Еуропа және Ресейде белсенді сауда қызметін жүргізеді.

«Alliance Textile» ЖӨКҚ құрамына «Beruniy textile invest» ЖШҚ (Беруни қ., Қарақалпақстан Республикасы); «And pahta teks» ЖШҚ (Андижан қ., Өзбекстан Республикасы); «Ya tekstil group» ЖШҚ (Самарқанд қ., Өзбекстан Республикасы); «Сhimboy tekstil» ЖШҚ (Чимбой қ., Қарақалпақстан Республикасы), «Hazorasp tekstil» ЖШҚ (Хазорасп қ., Өзбекстан Республикасы) «Grandtex impex» (Булокбоши қ., Өзбекстан Республикасы), «Shoh style» ЖШҚ (Булокбоши қ. Өзбекстан Республикасы).

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ - стресті активтерді қайта құрылымдау және басқару саласындағы мемлекеттік даму институты және басқарушы компания. Қор «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады.

Баспасөз қызметі

Қазақстанның инвестициялық қоры +7 (7172) 55-95-96 (112)