Жобаларды іске асыруға

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы (бұдан әрі – Қор) – мемлекеттік даму институты және стресстік активтерді басқару саласындағы басқарушы компания Сіздерді өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырады. Қордың инвестициялық портфелі жеңіл, тамақ, металлургия, химия, аграрлық және басқа да өңдеуші өнеркәсіп салаларының жобаларымен ұсынылған.

Алматы облысында картон-қағаз өнімдерін өндіру
Жариялау күні : 12.08.2019

Көрнекі сурет

«ІКҚБ» АҚ

1

Активтің атауы

Іле картон-қағаз комбинаты 

2

Орналасқан жері

Алматы облысы, Боралдай кенті

3

Нысаналы мақсаты

Хром-эрзац картон, гофрокартон және тамақ өнеркәсібіне арналған гофротаралар өндірісі

4

Қосымша ақпарат

Өнім / өндіріс көлемі:

  • 12 мың тоннаға дейін хром-эрзац картон; 
  • 50 мың тоннаға дейін қағаз;
  • жылына 45 млн шаршы метр гофрокартон. 

Өткізу нарықтары: Қазақстан

Технология / Жабдықтар:

  • * Гофротараны шығару үшін екі желі,
  • хром-эрзац картон өндіру бойынша желі;
  • Чехия( Papcel), Тайвань (LMC), Швеция (KMW).

Жобаның артықшылықтары:

  • Экономиканың целлюлоза-қағаз секторын дамыту;
  • Жеңіл, тамақ және химия өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын картон өнімімен жабдықтау;

5

Мәртебесі

әрекет етпейді

6

Ынтымақтастық нұсқалары

  • Мүлікті бір жолғы сатып алу/бөліп төлеу
  • Мүлікті жалға/несие беру
  • Мүлікті сенімгерлік басқару

Өтініштер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Есіл ауданы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 55а, «Бәйтерек» бизнес орталығы, 3 қабат, Активтерді басқару департаменті, тел.: +7 (7172) 559-596 (ішкі 322, 329).

Ынтымақтастықты бастау үшін сізге үлгі нысаны осында бар ынтымақтастыққа өтінім беру қажет.

Өтінімге келесі құжаттардың біреуін қоса беру қажет

  • өтінімде ұсынылған жалпы құнының кемінде 20% мөлшерінде шотта қаражат бар шоттың жай-күйі туралы банктен анықтама;
  • өтінімде ұсынылған құн бойынша болашақта сатып алу үшін қажетті қаражаттың түсуін растайтын шарттар;
  • өтінімде ұсынылған жалпы құнының кемінде 20% мөлшеріндегі сомаға кепілдіктер, кепілдемелер, аккредитивтер;
  • ұйымның қаржылық тұрақтылығын растайтын соңғы 3 (үш) жылдағы қаржылық есептілік.

Сонымен қатар, біздің сайтта және БАҚ-та қордың іске асырылып жатқан жобалары туралы ақпараттық ұсыныстар жарияланатынын хабарлаймыз.

Қандай да бір инвестициялық жобаға қатысты қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, Сізге әлеуетті инвестормен құпия ақпаратты жарияламау туралы келісім жасау және кейін қажетті ақпаратты алу үшін ресми түрде Қорға жүгіну қажет.

Құпия ақпаратты жарияламау туралы келісім жасау үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Заңды тұлғаның жарғысы;
  2. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  3. Жалғыз қатысушының шешімі/заңды тұлғаның директоры лауазымына тағайындау туралы қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы;
  4. Заңды тұлғаның директоры лауазымына тағайындау туралы бұйрық;
  5. Заңды тұлғаның жеке куәлігі.