Жобаларды іске асыруға

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы (бұдан әрі – Қор) – мемлекеттік даму институты және стресстік активтерді басқару саласындағы басқарушы компания Сіздерді өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырады. Қордың инвестициялық портфелі жеңіл, тамақ, металлургия, химия, аграрлық және басқа да өңдеуші өнеркәсіп салаларының жобаларымен ұсынылған.

Желімделген ағаш құрылымдар өндірісін ұйымдастыру
Жариялау күні : 05.09.2018

Көрнекі сурет

Қапшағай қ. желімделген ағаш конструкцияларын өндіру бойынша өнеркәсіптік база

Активтің атауы

Желімделген ағаш конструкцияларын өндіру жөніндегі зауыттың жылжымайтын мүлкі

Орналасқан жері

Алматы облысы, Қапшағай қаласы

Мүліктік кешен

6,6060 га жер учаскесінде жалпы алаңы 12 164,6 ш. м. өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, т/ж тұйығы, қосалқы ғимараттар

Болжамды өнім

Желімделген ағаш конструкциялар

Өнімді қолдану саласы

Құрылыс, көтерме-бөлшек сауда

Мәртебесі

Мүлік пайдаланылмайды, жабдықтар бөлшектелген, жөндеу қажет

Ынтымақтастық нұсқалары

- Мүлікті бір жолғы сатып алу/бөліп төлеу;

- Мүлікті жалға/несие беру;

- Мүлікті сенімгерлік басқару.

Фотосурет галереясы

Өтініштер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Есіл ауданы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 55а, «Бәйтерек» бизнес орталығы, 3 қабат, Активтерді басқару департаменті, тел.: +7 (7172) 559-596 (ішкі 322, 329).

Ынтымақтастықты бастау үшін сізге үлгі нысаны осында бар ынтымақтастыққа өтінім беру қажет.

Өтінімге келесі құжаттардың біреуін қоса беру қажет

  • өтінімде ұсынылған жалпы құнының кемінде 20% мөлшерінде шотта қаражат бар шоттың жай-күйі туралы банктен анықтама;
  • өтінімде ұсынылған құн бойынша болашақта сатып алу үшін қажетті қаражаттың түсуін растайтын шарттар;
  • өтінімде ұсынылған жалпы құнының кемінде 20% мөлшеріндегі сомаға кепілдіктер, кепілдемелер, аккредитивтер;
  • ұйымның қаржылық тұрақтылығын растайтын соңғы 3 (үш) жылдағы қаржылық есептілік.

Сонымен қатар, біздің сайтта және БАҚ-та қордың іске асырылып жатқан жобалары туралы ақпараттық ұсыныстар жарияланатынын хабарлаймыз.

Қандай да бір инвестициялық жобаға қатысты қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, Сізге әлеуетті инвестормен құпия ақпаратты жарияламау туралы келісім жасау және кейін қажетті ақпаратты алу үшін ресми түрде Қорға жүгіну қажет.

Құпия ақпаратты жарияламау туралы келісім жасау үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Заңды тұлғаның жарғысы;
  2. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  3. Жалғыз қатысушының шешімі/заңды тұлғаның директоры лауазымына тағайындау туралы қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы;
  4. Заңды тұлғаның директоры лауазымына тағайындау туралы бұйрық;
  5. Заңды тұлғаның жеке куәлігі.