Жобаларды іске асыруға

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы (бұдан әрі – Қор) – мемлекеттік даму институты және стресстік активтерді басқару саласындағы басқарушы компания Сіздерді өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырады. Қордың инвестициялық портфелі жеңіл, тамақ, металлургия, химия, аграрлық және басқа да өңдеуші өнеркәсіп салаларының жобаларымен ұсынылған.

«Kazakhstan Rubber Recycling» ЖШС
Жариялау күні : 29.08.2018

Көрнекі сурет

«Kazakhstan Rubber Recycling» ЖШС инвестициялық жоба туралы мәлімет

Жоба атауы «Озық технологияларды пайдалана отырып, көліктің тозған шиналарын түрлі фракциядағы резина ұнтақтарына қайта өңдеу өндірісін ұйымдастыру»
Нысаналы мақсаты Жоба экологиялық және әлеуметті-экономикалық маңызға ие, пайдаланылған автокөлік шиналары түріндегі қалдықтарды қауіпсіз түрде кәдеге жарату арқылы Астана қаласындағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.
Жоба өңірі Астана қ.
Өндірістік қуаты Жоспарланған өңдеу қуаты – жылына 15 000 т. шина. Іс жүзінде мүмкін өңдеу қуаты – жылына 7 500 т. шина.
Технологиялық жабдық Автомобиль дөңгелектерінің сыртқы резеңкесін қайта өңдейтін қондырғы, модульді сүзгіш қондырғы және желдеткіш жабдық.
Болжалды өнім Түрлі фракциядағы резина ұнтақтары
Өткізу нарығы ҚР
Өнімді қолдану саласы Жүгіруге арналған жолдар, жаяужол, балалар ойнайтын алаң және т.б.
Жобалық компания «Kazakhstan Rubber Recycling» ЖШС
ҚИҚ қатысу үлесі
ҚИҚ жоба бойынша серіктестері «МИЛС-групп» ЖШС — кепіл беруші
Қоғам қызметінің мәртебесі жұмыс істеп тұрған компания
Бәсекелі орта (тұтынушылар) Астана қаласында бұған ұқсас зауыттар жоқ
Жоба стратегиясы Инвестор іздестіру/мүлікті жалға беру

Фотосурет галереясы

Өтініштер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Есіл ауданы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 55а, «Бәйтерек» бизнес орталығы, 3 қабат, Активтерді басқару департаменті, тел.: +7 (7172) 559-596 (ішкі 322, 329).

Ынтымақтастықты бастау үшін сізге үлгі нысаны осында бар ынтымақтастыққа өтінім беру қажет.

Өтінімге келесі құжаттардың біреуін қоса беру қажет

  • өтінімде ұсынылған жалпы құнының кемінде 20% мөлшерінде шотта қаражат бар шоттың жай-күйі туралы банктен анықтама;
  • өтінімде ұсынылған құн бойынша болашақта сатып алу үшін қажетті қаражаттың түсуін растайтын шарттар;
  • өтінімде ұсынылған жалпы құнының кемінде 20% мөлшеріндегі сомаға кепілдіктер, кепілдемелер, аккредитивтер;
  • ұйымның қаржылық тұрақтылығын растайтын соңғы 3 (үш) жылдағы қаржылық есептілік.

Сонымен қатар, біздің сайтта және БАҚ-та қордың іске асырылып жатқан жобалары туралы ақпараттық ұсыныстар жарияланатынын хабарлаймыз.

Қандай да бір инвестициялық жобаға қатысты қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, Сізге әлеуетті инвестормен құпия ақпаратты жарияламау туралы келісім жасау және кейін қажетті ақпаратты алу үшін ресми түрде Қорға жүгіну қажет.

Құпия ақпаратты жарияламау туралы келісім жасау үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Заңды тұлғаның жарғысы;
  2. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  3. Жалғыз қатысушының шешімі/заңды тұлғаның директоры лауазымына тағайындау туралы қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы;
  4. Заңды тұлғаның директоры лауазымына тағайындау туралы бұйрық;
  5. Заңды тұлғаның жеке куәлігі.