Жекешелендіру

"2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысымен "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ активтерінің тізбесі бекітілді, оған сәйкес Қор активтерді бәсекелестік ортаға тапсыру жөніндегі іс-шараларды келтірген.

Ағымдағы сәтте Қор бәсекелестік ортаға тапсыруға ұсынылған 7 (жеті) активтердің 5 (бес) активтерін сатты, 2 (екі) актив бойынша банкроттық рәсімі одан әрі таратумен жүргізілуде. Активтерді сату Қордың уәкілетті органдары мен "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Жобалық кеңсесі бекіткен жұмыс жоспарларына сәйкес жүргізілгенін атап өту қажет.

Электрондық аукциондар қорытындысы бойынша Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 4 актив сатылды: "Pams Pipe" АҚ (100,0%); "А-КБК" ЖШС (100,0%); "МырзАбеК-АЛТЫН ТАС групп" АҚ (39,0%); "ИХМЗ" АҚ (44,6%), "Раннила Казахстан" АҚ (44 %).