Қордың даму стратегиясы

2014 жылғы 14 қарашада «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесі Қордың 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітті. Стресстік активтерді басқару жөніндегі ұйым ретінде Қор жұмысының жаңа миссиясын, болжамын, стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын түбегейлі жаңа Даму стратегиясы әзірленді. 2017 жылғы 5 қыркүйекте «ҚИҚ» АҚ Директорлар кеңесі осы құжаттағы өзгерістерді бекітті.

Қордың миссиясы - проблемалық жобаларды сауықтыру арқылы мемлекеттің тұрақты дамуына жәрдемдесу.

Қордың даму болжамы - қызметі берешекті қайтаруға және жобаларды сауықтыруға бағытталған кәсіби компания.

Стратегиялық бағыттар мен міндеттер

Миссия мен даму болжамын негізге ала отырып, Қор өз қызметін мынадай стратегиялық бағыттарға шоғырландырады:

Стратегиялық бағыттар

Стратегиялық міндеттер

1.

Проблемалық жобалар бойынша берешекті қайтару

Талап-арыз жұмысын жүргізу

2.

Проблемалық активтермен жұмыс

Қайта құрылымдау

Отандық және шетелдік стратегиялық инвесторларды тарту

Стресті активтерді басқару