Тұрақты даму

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор) өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметінің маңыздылығын сезінеді және ішкі әрі сыртқы мүдделі тараптар үшін ашықтықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ұмтылады. 2014 жылдан бастап Қор жыл сайынғы негізде корпоративтік интернет-сайтта ұсынылған жылдық есептерде өз қызметінің нәтижелерін жариялайды: https://ifk.kz/kz/about/statements-of-the-fund/annual-reports/.

Қордың тұрақты дамуы - бұл өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қор басшылыққа алатын қағидаттар мен міндеттемелердің жиынтығы, атап айтқанда:

1) мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынастарды басқару;

2) ұлттық экономикаға, әлеуметтік салаға және экологияға әсерін бағалау және басқару.

Аталған қағидатты іске асыру шеңберінде Қор және оның еншілес ұйымдары ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін экономикаға, экологияға және қоғамға өз ықпалының маңыздылығын сезінеді, сондай-ақ оның еншілес ұйымдары үшін бірыңғай саясатты, әдістемелік ұсынымдарды және корпоративтік стандарттарды қалыптастырып, бекітеді. Қордың Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі шешімімен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның Тұрақты даму саясаты бекітілді, оның шеңберінде тұрақты дамуды енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Қорда тұрақты даму қағидаттарын енгізудің алғашқы кезеңдерінің бірі тұрақты даму/»жасыл» қаржыландыру бойынша сыртқы конференцияларға/дөңгелек үстелдерге/семинарларға қатысу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға қатысу болады. Саясаттың ережелеріне сәйкес тұрақты дамуды басқару жүйесінде тұрақты даму саласындағы қағидаттарды, стандарттар мен жоспарларды іске асыру үшін әрбір органның және барлық қызметкерлердің рөлдері, құзыреттері, жауапкершілігі нақты айқындалып, бекітілді.

Қордың Директорлар кеңесі стратегиялық басшылықты және тұрақты дамудың енгізілуіне бақылауды жүзеге асырады, Қор Басқармасы тиісті іс-шаралар жоспарын қалыптастырады.

Тұрақты даму саласындағы міндеттерді шеше отырып, Қор өзінің миссиясына, Қордың даму стратегиясының ережелеріне сүйенеді, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы халықаралық стандарттарда бекітілген халықаралық мінез-құлық нормалары мен қағидаттарын пайдаланады.

Тұрақты даму саясатына сілтеме

Қор ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін өзінің экономикаға, экологияға және қоғамға әсерінің маңыздылығын түсінеді:

Санат

Қор тәсілдемесі

Экономикалық

Экономикалық құрамдас бөлік Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының қызметін олардың қызметінің тиімділігіне, акционерлер мен инвесторлардың мүдделерін қамтамасыз етуге, процестердің тиімділігін арттыруға, неғұрлым жетілдірілген технологияларды құру мен дамытудағы инвестициялардың өсуіне, еңбек өнімділігін арттыруға бағыттайды.

Экологиялық

Экологиялық құрамдас биологиялық және физикалық табиғи жүйелерге әсерді азайтуға, шектеулі ресурстарды оңтайлы пайдалануға, экологиялық, энергия және материал үнемдейтін технологияларды қолдануға ықпал етеді.

Әлеуметтік

Қор тең мүмкіндіктер беру қағидатын басшылыққа алады және жұмысқа жалдау, еңбекақы төлеу, оқуға рұқсат беру, лауазымын жоғарылату, жұмыстан шығару кезінде жынысы, нәсілі, тілі, діни, саяси және басқа да сенімдері, азаматтығы, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, шектеулі мүмкіндіктері тәрізді негіздер бойынша өз қызметкерлерін кемсітуге жол бермейді.

Қор сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен практиканы енгізеді және қолдайды, сондай-ақ өзінің лауазымды тұлғаларының, қызметкерлерінің, контрагенттерінің сыбайлас жемқорлық және оған қарсы іс-қимыл мәселелерінде хабардарлығын арттырады.

Қор өз қызметі шеңберінде Қордың Корпоративтік басқару кодексінде бекітілген тұрақты дамудың мынадай қағидаттарын басшылыққа алады: ашықтық, есептілік, айқындық, әдепті мінез-құлық, мүдделі тараптардың мүдделерін сақтау, заңдылық, адам құқықтарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, мүдделер шиеленісіне жол бермеу.

Қор сондай-ақ өз қызметінде БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын ұстанатыны туралы мәлімдейді:

Тұрақты даму саясатына сәйкес Қор «жасыл кеңсе» тұжырымдамасын енгізу мүмкіндігін қарастыруда, оның маңызды құрамдас бөлігі қызметкерлердің экологиялық сана деңгейін арттыруға бағытталған ақпараттық науқан болып табылады.


Қор экологиялық таза материалдарды пайдалана отырып салынған бизнес-орталықта орналасқан. Ғимаратта энергия тиімді жабдығы бар заманауи инженерлік жүйелер, сондай-ақ жабдықтың автономды және қашықтықтан басқарылуы мен мониторингі ескерілген. Электр энергиясын үнемдеу мақсатында бизнес-орталықта қозғалыс датчиктері орнатылған.

Қор сақтық қағидатына негізделген экологиялық мәселелерге көзқарасты қолдайды, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қабылдайды. Қор қоршаған ортаны қорғау және қаржыландырылатын жобалар мен өзге де қызметтің әлеуметтік әсері саласында озық халықаралық практиканы қолдануға ұмтылады.

Кеңсе қажеттіліктері үшін қағаз шығынын азайту, сондай-ақ бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында Қор біртіндеп 100% электрондық құжат айналымына көшуде.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл

Стейкхолдерлерді анықтау және олармен жұмыс істеу Қор құралдарының бірі болып табылады, ол қызметтің іскерлік беделін арттыруға, компанияны капиталдандыруға, барлық мүдделі тұлғалармен тиімді және теңгерімді қатынастар орнатуға мүмкіндік береді.

Мүдделі тараптардың тізбесін және олардың ықпал ету дәрежесін айқындау мақсатында Қор Басқармасының шешімімен 2019 жылы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Стейкхолдерлер картасы бекітілді.   Бекітілген Стейкхолдер­лер картасы негізгі мүдделі тараптардың тізбесін­ және олардың ықпал ету дәрежесін айқындайды, сондай-ақ әрбір стейкхолдермен жұмыс істеудің ­барабар стратегиясын құру үшін Қордың және оның еншілес ұйымдарының ортасы туралы ақпаратты жүйелендіруге және визуализациялауға мүмкіндік береді.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың негізгі нысандары: бірлескен бағдарламалар мен жобалар, бірлескен жұмыс топтары, қызмет туралы есептілік, кездесулер, кеңестер, жарияланымдар, сұхбаттар және т.б. болып табылады.

Стейкхолдерлермен тиімді өзара іс-қимыл жасау:

  • проблемаларды шешу және мақсаттарға қол жеткізу үшін ресурстарды (білім, кадрлар, ақша және технологиялар) біріктіруге;
  • нарықтардың дамуын қоса алғанда, сыртқы ортаны бағалауға, сондай-ақ жаңа стратегиялық мүмкіндіктерді айқындауға;
  • бизнес-процестерді жетілдіруге;
  • қызметтің ашықтығы мен айқындығы саясатын жүргізуге мүмкіндік береді.

Кадр саясаты

Кадр саясатының негізгі бағыттары:

  1. Стратегиялық HR-жоспарлау
  2. Ұйымдастырушылық даму
  3. Қызметкерлерді іріктеу және бейімдеу
  4. Қызметкерлерді тарту деңгейін арттыру.
  5. Тиімділікті басқару: қызметкерлерді марапаттау және ынталандыру
  6. Қызметкерлерді оқыту және кәсіби дамыту
  7. Корпоративтік мәдениетті дамыту және қолдау
  8. HR-процестерді әкімшілендіру
  9. Ұйымдастыру құрылымын басқару және бизнес-процестерді тиімді ұйымдастыру.

  • Еңбек ресурстарының сапасын арттыру

Бұл бағыт Қор тобының негізгі активі ретінде қызметкерлерге тікелей бағытталған және келесі HR-процестерді қамтиды:

- қызметкерлерді іріктеу және бейімдеуді басқару;

- қызметкерлерді оқыту және кәсіби дамытуды басқару. 

  • Қызметкерлерді іріктеуді және жалдауды басқару

Қорда Қордың бос лауазымдарына орналасуға үміткерлерді конкурстық іріктеу ережесі бекітілген, осы Қағидалар Қордың мамандығына/лауазымына қойылатын нақты тұжырымдалған талаптардың болуына, қабылданатын қызметкерлердің біліктілік деңгейін бағалауға және арттыруға, кәсіби құзыреттер жағына баса назар аударуға мүмкіндік береді.

Конкурстық іріктеудің негізгі қағидаттары: персоналды іріктеу рәсімінің ашықтығы мен объективтілігі, қойылатын талаптар мен кәсіби стандарттарға сәйкестігіне қарай барлық кандидаттар үшін жалпыға бірдей қолжетімділік. Конкурстық рәсімдер кезіндегі іріктеу әдістері кандидаттарды бастапқы іріктеу, тестілеу, жауапты бөлімше басшысымен сұхбат, кандидаттарды конкурстық комиссияның қарауы болып табылады.

  • Оқыту мен біліктілікті арттыруды басқару  

Кәсіби және міндетті оқыту Қордың кадр саясатының басым бағыты болып табылады. Қордың оқыту және кәсіби дамыту жүйесі кәсіби сертификаттау бағдарламаларын, семинарлар мен біліктілікті арттыру курстарын, дөңгелек үстелдерді, конференцияларды, форумдарды, корпоративтік тренингтерді және т.б. қамтиды. Бұл ретте Қор қызметкерлерге олардың дамуы үшін жауапкершілікті беруге баса назар аударып, бұл үшін ресурстар мен қосымша мүмкіндіктер ұсынады.

Оқыту жеке оқытуды да, корпоративті оқытуды да қамтиды.

Қор оқытудың тиімділігін бағалауға көп көңіл бөледі. Оқыту іс-шарасының қорытындысы бойынша кері байланыс нысаны толтырылады, ол курс туралы жалпы әсерді, оқыту сапасын және алынған білімнің жұмыста қолданылуын бағалауға көмектеседі.

  • Қызметтің тиімділігін басқару

Қызметтің тиімділігін басқару жұмысшылардың қолайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған және келесі HR процестерін қамтиды:

  • қызмет тиімділігін бағалау;
  • еңбекке ақы төлеу және сыйақы;
  • қызметкерлерді әлеуметтік қолдау;
  • «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ компаниялар тобының Бірыңғай кадрлық резерві қалыптастырылды - ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді перспективада «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ компаниялар тобының басқарушы лауазымдарына тағайындалуға дайын жоғары әлеуетті қызметкерлер;
  • ҚИҚ бос орындарына үміткерлерді іздестіруге конкурстық тәсіл енгізілді - бірінші кезекте, бірыңғай кадр резервінің қатысушылары; екінші кезекте ҚИҚ жұмыс істеп жүрген қызметкерлері қатарынан ішкі кандидаттар; және олар болмаған жағдайда - корпоративтік сайтта, Telegram-арнада және Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жарияланатын хабарландыруларға жауап ретінде өтінім берген сыртқы кандидаттар.

  • Қызмет тиімділігін бағалау

Компанияның бизнес-жоспарлары мен стратегиялық мақсаттарын компанияның әрбір бөлімшесі мен жұмыскерінің жеке мақсаттарымен келісуге мүмкіндік беретін қызметкерлер қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі енгізілді.

Бағалау процесі қызметкерлерге қызмет нәтижелері, құзыреттер және даму мен жақсарту жолдарын анықтау туралы кері байланыс беруге бағытталған. Қызметті бағалау сыйақы беру және ынталандыру, қызметкерлерді ынталандыру, қызметкерлерді оқыту және кәсіби дамыту жүйесі үшін негіз болып табылады.

Қорда сандық көрсеткіштер (ҚНК және құзыреттер моделі) арқылы қызметтің тиімділігін басқару енгізілген. Персоналға арналған құзыреттер моделі әзірленді және енгізілді.

Басшы және басқарушы қызметкерлердің нәтижелілігін бағалау нақты міндеттерді орындауға байланысты және Компанияның стратегиялық мақсаттары мен бизнес-жоспарларын бизнес-процестер/қызмет бағыттары бойынша нақты көрсеткіштерге каскадтау арқылы әзірленетін қызметтің түйінді көрсеткіштерімен расталады. Стратегиялық мақсаттарға сәйкес келетін компаниялардың бизнес-мақсаттарды іске асыруын мониторингтеу құралы қызметтің нысаналы және нақты мәндері бар негізгі көрсеткіштер жиынтығымен ұсынылатын ҚНК картасы (мақсатты визуалды көрсету) болып табылады.

Әкімшілік қызметкерлердің қызметін бағалаудың негізгі кезеңдері мақсаттар қою, нәтижелілік мониторингі және мақсаттарды түзету, қойылған мақсаттар мен іскерлік құзыреттерге қол жеткізу дәрежесі туралы, өткен оқыту және өзін-өзі дамыту туралы тоқсан сайынғы/жылдық есеп болып табылады.

  • Еңбекке ақы төлеу және ынталандыру

Еңбекке ақы төлеудің және қызметкерлерді ынталандырудың тиімді жүйесінің негізгі қағидаттары:

1) еңбекақы төлеу жүйесі ашық және түсінікті;

2) сыйақы деңгейі компанияның және жекелеген қызметкерлердің келісілген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуіне байланысты болады.

Қорда мемлекеттік және корпоративтік наградалардан (құрмет грамоталары, алғыс хаттар) тұратын материалдық емес ынталандыру жүйесі дамуда.

  • Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау

Қор тиімді әлеуметтік саясат жүргізеді.

Әлеуметтік саясатты іске асыру үшін мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

- қызметкерлердің салауатты және қауіпсіз еңбек және демалыс жағдайларын жасау;

- қызметкерлердің құқықтарын сақтау және қорғау, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерлерде кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін қамтамасыз ету;

- әлеуметтік жеңілдіктер жүйесін жетілдіру (сауықтыруға арналған материалдық көмек, белгілі бір жағдайларда қызметкерлерге біржолғы материалдық көмек және төлемдердің басқа да түрлері);

- медициналық сақтандыру бағдарламаларын енгізу;

- жұмыс орнына және кері жеткізу;

- салауатты өмір салтын насихаттау. 

  • Еңбекті қорғау және оның қауіпсіздігі

Қор Басқармасының 2019 жылғы 27 ақпандағы шешіміне (№12 хаттама) сәйкес «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қауіпсіздігі саласындағы нұсқаулықтары (бұдан әрі - Нұсқаулықтар) бекітілді.

Жауапты жұмыс беруші ретінде Қор жұмыс орындарында қызметкерлердің еңбегін дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етуге және осы саладағы Қазақстан Республикасының нұсқаулықтары мен заңнамасының талаптарына сәйкес келетін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ұмтылады. Қызметкерлер өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде, сондай-ақ Қордың үй-жайларында болған уақытта өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қауіпсіздігі қағидаларын сақтайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Қор ашық, адал және этикалық іскерлік мінез-құлық қағидаттарын басшылыққа алады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың кез келген түрін анықтау және оларға қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.

Қордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды іске асыруды Қордың Қауіпсіздік қызметі жүзеге асырады.

Қор Басқармасы 2018 жылғы 10 шілдеде Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын бекітті, ол Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы, әкімшілік және қылмыстық заңнамасына, қолданылатын халықаралық заңнамаларға және «үздік практикаға» сәйкес келеді. Саясат клиенттерді, контрагенттерді, серіктестерді және жұртшылықты Қорда қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттары туралы хабардар ету мақсатында Қордың ресми сайтында орналастырылған.

Осы Саясаттың негізінде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарушылық және ұйымдастырушылық негіздер бар, оларда Қор клиенттерінің бенефициарлық меншік иелерін белгілеу, Қорға келіп түскен заңды және/немесе жеке тұлғалардың өтініштері бойынша қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол беру фактілері туралы қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу жөніндегі іс-шаралар көзделген.

Қор қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық мінез-құлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды барынша азайту мақсатында Қор басшылығының ресми сайтқа ерте ден қою нысанын орналастыру арқылы Қордың клиенттерімен және қызметкерлерімен кері байланысы жолға қойылған. Осы нысан арқылы Қор басшылығына Қордың мүдделеріне нұқсан келтіруі немесе беделіне нұқсан келтіруі мүмкін қызметкерлердің орынсыз мінез-құлқының белгілі фактілері туралы хабарлауға болады.

Клиенттің кредит құралын алуға арналған өтініш-сауалнамасында мынадай мазмұндағы ақпарат енгізілген: «Қордың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністері немесе Қызметтік әдепті бұзу фактілері бойынша белсенді азаматтық ұстаным танытуды және +7 (7172) 559-596 сенім телефоны бойынша хабарлауды немесе Қордың ifk@ifk.kz пошталық мекенжайына ресми өтініш-хат жолдауды сұраймыз.

Қордағы алаяқтық және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы құпия хабарлауға арналған жазатын құрылғысы мен автожауап бергіші бар «қызу желі» (сенім телефоны) ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдар мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермеленеді. Заңнама талаптарына сәйкес тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі.

Инвестициялық жобалармен жұмыс кезінде өтініш берушілердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру жағдайларына қатыстылығы, сондай-ақ шетелдік жария лауазымды адамдарға тиесілігі тұрғысынан тексеру міндетті түрде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, өтініш берушінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін оған санкциялар қолдану тұрғысынан іскерлік беделі тексеріледі. Оффшорлық аймақтарда өтініш берушілерді, құрылтайшыларды, бенефициарлық меншік иелерін тіркеу фактілерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Азаматтарды Қорға жұмысқа қабылдау кезінде ұсынылған дербес деректердің дұрыстығы мен толықтығына, оның ішінде соттылықтың болуы/болмауы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы тексеру жүргізіледі.

Бұдан басқа, Қорда қаржылық бақылау шаралары жұмыс істейді, оған сәйкес басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар (Басқарма мүшелері) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады.

Қор қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру мақсатында оқыту іс-шаралары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын білуге арналған ішкі оқыту жүргізіледі.

Қор алаяқтық тәуекелдерін және сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді және шаралар қабылдайды.

Корпоративтік әдеп және мүдделер қақтығысын реттеу

Қордың Директорлар кеңесінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы шешіміне сәйкес (№17 хаттама) Қордың Іскерлік әдеп кодексі (бұдан әрі - Кодекс) бекітілді, оның мақсаты корпоративтік әдеп қағидалары мен нормаларын регламенттеу, Қор тобында қабылданған іскерлік әдеп нормаларын біркелкі түсіну және орындау, Қор тобының қызметкерлері басшылыққа алатын құндылықтарды, қағидаттар мен қағидаларды бекіту болып табылады. Көрсетілген Кодекске сәйкес Қор қызметкерлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алуға, Кодекстің, ішкі ережелердің, Қор рәсімдері мен құжаттарының ережелерін сақтауға тиіс.

Себебі Қор үшін Іскерлік әдеп кодексінің нормаларына сәйкес негіз қалаушы құндылықтардың бірі адалдық, командалық рух, өзара құрмет, ашықтық, тіл тапқыштық болып табылады, жыл сайын Персоналмен жұмыс және іс жүргізу департаменті Қор қызметкерлерінің Іскерлік әдеп кодексін білуіне тестілеу жүргізеді. Жұмысқа қабылдау кезінде Қорға жұмысқа қабылданған барлық жаңа қызметкерлер міндетті түрде Кодекспен танысады.

Кодекстің талаптарына қатысты және/немесе жұмыс барысында туындаған этикалық мәселелер бойынша, сондай-ақ Кодекстің талаптарын бұзу фактілері, Қордың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің, сондай-ақ іскерлік серіктестер мен мүдделі тұлғалардың сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қарсы әрекеттері бойынша Омбудсменге жазбаша да, ауызша да нысанда жүгінуге құқылы. Омбудсмен, өз кезегінде, бес жұмыс күні ішінде қызметкердің, лауазымды тұлғаның өтінішін қарайды және толық анонимділікке кепілдік бере отырып, мәселені реттеумен айналысады.