Мәміле

Жасалуында қордың мүдделілігі бар мәмілелер мен ірі мәмілелер туралы ақпарат

1. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуында «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның мүдделілігі бар мәміле жасалғандығы туралы хабарлайды («А-КБК» ЖШС-не қаржылық көмек беру туралы).

1) мәміле жасалған күн – 2016 жылғы 12 ақпан; 2) мәміле тақырыбы, мәміле жасаушы тараптар атауы – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мен «А-КБК» ЖШС арасында «А-КБК» ЖШС-не қаржылық көмек беру туралы келісім жасау; 3) акционерлік қоғам органының келісім жасау туралы шешім қабылдаған күні – 2016 жылғы 15 сәуірдегі «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі (№07 отырыс хаттамасы).

2. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ жасалуында «Қазақстанның даму банкі» АҚ-мен бірге «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның мүдделілігі бар мәміле жасалғандығы туралы хабарлайды (жедел банк салымы туралы келісім мен кепіл шартын жасау).

1) мәміле жасалған күн – 2016 жылғы 25 ақпан; 2) мәміле тақырыбы, мәміле жасаушы тараптар атауы – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мен «Қазақстанның даму банкі» АҚ арасында жедел банк салымы туралы келісім мен кепіл шартын жасау; 3) акционерлік қоғам органының келісім жасау туралы шешім қабылдаған күні – 2016 жылғы 15 сәуірдегі «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі (№07 отырыс хаттамасы).

3. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуында «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның мүдделілігі бар мәміле жасалғандығы туралы хабарлайды («Қазақстанның даму банкі» АҚ-мен жалгерлік шартын жасау арқылы).

1) мәміле жасалған күн – 2016 жылғы 25 қаңтар; 2) мәміле тақырыбы, мәміле жасаушы тараптар атауы – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мен «Қазақстанның даму банкі» АҚ арасында жалгерлік шартын жасау; 3) акционерлік қоғам органының келісім жасау туралы шешім қабылдаған күні – 2016 жылғы 15 сәуірдегі «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі (№07 отырыс хаттамасы).

4. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ «КазЭкспортГарант» экспортты-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ-мен жалгерлік шартын жасау арқылы жасалуында «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның мүдделілігі бар мәміле жасалғандығы туралы хабарлайды.

1) мәміле жасалған күн – 2016 жылғы 25 ақпан; 2) мәміле тақырыбы, мәміле жасаушы тараптар атауы – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мен «КазЭкспортГарант» экспортты-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ арасында жалгерлік шартын жасау; 3) акционерлік қоғам органының келісім жасау туралы шешім қабылдаған күні – 2016 жылғы 15 сәуірдегі «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі (№07 отырыс хаттамасы).

5. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ «Қызылорда қаласында қуаты жылына 197 100 тонна табақ әйнек шығаратын зауыт құрылысы» жобасын жүзеге асыру аясында мәміле жасалғандығы («Orda Glass Ltd» (Орда Гласс Лтд) ЖШС-нде «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мүдделерінің нақты қорғалуын қамтамасыз ету туралы келісім жасалғандығы) туралы хабарлайды.

1) мәміле жасалған күн – 2016 жылғы 15 қыркүйек; 2) мәміле тақырыбы, мәміле жасаушы тараптар атауы – «Orda Glass Ltd» (Орда Гласс Лтд) ЖШС-нде «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның мүдделерінің нақты қорғалуын қамтамасыз ету туралы келісім жасау; 3) акционерлік қоғам органының келісім жасау туралы шешім қабылдаған күні – 2016 жылғы 21 қарашадағы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі (№14 отырыс хаттамасы).

6. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ жасалуында «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның мүдделілігі бар мәміле, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен кеңсе орындарын жалға алу бойынша қызметтер шарты жасалғандығы туралы хабарлайды.

1) мәміле жасалған күн – 2017 жылғы 17 қаңтар; 2) мәміле тақырыбы, мәміле жасаушы тараптар атауы – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арасында кеңсе орындарын жалға алу бойынша қызметтер шартын жасау арқылы; 3) акционерлік қоғам органының келісім жасау туралы шешім қабылдаған күні – 2017 жылғы 27 қаңтардағы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі (№01 отырыс хаттамасы).

7. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ «А-КБК» ЖШС-не қаржылық көмек беру туралы шарт жасау арқылы «жасалуында «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның мүдделілігі бар мәміле жасалғандығы туралы хабарлайды.

1) мәміле жасалған күн – 2017 жылғы 20 ақпан; 2) мәміле тақырыбы, мәміле жасаушы тараптар атауы – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арасында кеңсе орындарын жалға алу бойынша қызметтер шартын жасау арқылы; 3) акционерлік қоғам органының келісім жасау туралы шешім қабылдаған күні – 2017 жылғы 27 қаңтардағы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі (№03 отырыс хаттамасы).

8. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ жасалуында «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның мүдделілігі бар мәміле, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты жасалғандығы туралы хабарлайды.

1) мәміле жасалған күн – 2017 жылғы 19 маусым; 2) мәміле тақырыбы, мәміле жасаушы тараптар атауы – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арасында мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын жасау арқылы; 3) акционерлік қоғам органының келісім жасау туралы шешім қабылдаған күні – 2017 жылғы 28 сәуірдегі «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі (№06 отырыс хаттамасы).

11. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ жасауда «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-мен құқықты (талаптарды) қайта беру туралы шарттарға қосымша келісімдерге қол қою арқылы жиынтығында қор активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мүдделілігі бар ірі мәміле жасалғаны туралы хабарлайды. 

1) мәміле жасалған күн-2018 жылғы 24 желтоқсан; 

2) мәміленің мәні – мәміле тараптарының атаулары - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ алдындағы берешекті өтеу шарттарының өзгеруі;

3) акционерлік қоғам органының мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күні – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Жалғыз акционерінің 2018 жылғы 05 желтоқсандағы шешімі (№54/18 отырыс хаттамасы). 

4) мәміле бағасы -67 700 365,74 мың теңге. 

4) мәміленің негіздемесі: 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №Қосымша.2/61-95-ДП/27/47-ДЦ-Z_05-03/ДЦ-350-355-Z/05-03 қосымша келісімі – 2018 жылғы 05 желтоқсандағы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі 

12. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ жасалуына Қазақстанның инвестициялық қоры «АҚ мүдделі мәміле жасағаны туралы хабарлайды («Бәйтерек Девелопмент» АҚ-мен жалдау шартын жасау арқылы). 

1) мәміле жасалған күн – 2019 жылғы 26 ақпан; 

2) мәміленің мәні, мәміле тараптарының атаулары – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мен «Бәйтерек Девелопмент» АҚ арасында офистік үй-жайларды жалдау шартын жасасу 

3) акционерлік қоғам органының мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күні – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 17 қаңтардағы шешімі (№01 отырыс хаттамасы). 

4) мәміле бағасы – 134 332 800 теңге, ҚҚС есебімен, қызмет үшін ай сайынғы төлем сомасы – 11 194 400 теңге, ҚҚС есебімен. 

5) шарттың мәні - жалдау объектісі – Жалпы ауданы 15 99,2 ш. м. офистік үй-жай. 

13. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ жасалуына «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мүдделі мәміле жасағаны туралы хабарлайды («Бәйтерек Девелопмент» АҚ-мен жалдау шартын жасау арқылы). 

1) мәміле жасалған күн – 2019 жылғы 26 ақпан; 

2) мәміленің мәні, мәміле тараптарының атаулары – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мен «Бәйтерек Девелопмент» АҚ арасында автокөлік құралдарына арналған тұрақтарды жалға алу шартын жасасу 

3) акционерлік қоғам органының мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күні – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 17 қаңтардағы шешімі (№01 отырыс хаттамасы). 

4) мәміле бағасы – 1 344 00 теңге, ҚҚС есебімен, қызмет үшін ай сайынғы төлем сомасы – 112 000 теңге, ҚҚС есебімен. 

5) шарттың мәні - жалдау объектісі – әкімшілік ғимараттағы бес тұрақ орны.