Басқарма
Басқарма төрағасы
Молдахмет Мансұр Серікұлы
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 1975 жылғы 13 қаңтар
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2025 жылғы 14 ақпандағы № 127 бұйрығына сәйкес және 17.02.2025 жылғы №11-л/с бұйрығының негізінде Қордың Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі шешімімен (№4 хаттама) Қордың Басқарма төрағасы болып сайланды.
Білімі:
Заңгер-құқықтанушы, Доктор (Phd)
1991-1995 – ҚР ІІМ Жоғары мектебі, Алматы қаласы
2015-2018 – Алматы қаласы ALMAU университеті; Graduate School of Business (DBA)
2016 – NAGOYA UNIVERSITY OF COMMERCE & BUSINESS, Нагоя, Жапония
Еңбек өтілі:
1991-2005 жылдары – ҚР ІІМ-де қызмет, ҚР ІІМ ЖМА курсанты, тергеуші, аға тергеуші;
2005-2006 жылдары – Алматы филиалының бөлшек бизнестің проблемалық кредиттерімен жұмыс жөніндегі маманы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ АОФ Алматы филиалының ШОБ проблемалық кредиттерімен жұмыс жөніндегі жетекші маманы;
2006-2007 жылдары – «Нұрбанк» АҚ бас банкі корпоративтік бизнесінің проблемалық кредиттерімен жұмыс жөніндегі бас маманы, Алматы қаласында «Нұрбанк» АҚ бас банкі корпоративтік бизнестің проблемалық кредиттерімен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы;
2007-2010 жылдары – Проблемалық кредиттермен жұмыс департаменті директорының орынбасары, Проблемалық кредиттермен жұмыс департаментінің директоры, «Темірбанк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі, Алматы қаласы;
2010-2013 жылдары – Басқарма төрағасының кеңесшісі, басқарушы директор – Басқарма мүшесі;
2013-2014 жылдары – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ЕҰ);
2015-2016 жылдары – Алматы қаласында «АТФ Банк» АҚ басқарушы директоры - Басқарма мүшесі;
2016-2018 жылдары – «Нұрсейіт» шаруа қожалығы (мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы), диссертациялық жұмыс жазу, диссертация қорғау;
2019-2024 жылдары – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Талап ету құқықтарымен жұмыс департаментінің директоры;
2024-2025 жылдары – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Аппаратының басшысы;
2025 жылдан осы уақытқа дейін – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқарма төрағасы.