Қордың даму стратегиясы
2014 жылғы 14 қарашада «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесі Қордың 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітті. Қордың стрестік активтерді басқару жөніндегі ұйым ретіндегі жұмысының жаңа миссиясын, көзқарасын, стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын түбегейлі жаңа даму стратегиясы әзірленді. 2017 жылғы 5 қыркүйекте «ҚИҚ» АҚ Директорлар кеңесі осы құжаттағы өзгерістерді бекітті.
Қордың миссиясы – проблемалық жобаларды сауықтыру арқылы елдің тұрақты дамуына жәрдемдесу.
Қордың даму пайымы – қызметі берешекті қайтаруға және жобаларды сауықтыруға бағытталған кәсіби компания.
Стратегиялық бағыттары мен міндеттері
Даму миссиясы мен пайымына сүйене отырып, Қор өз қызметін келесі стратегиялық бағыттарға шоғырландырады:
- Проблемалық жобалар бойынша берешекті қайтару
- Проблемалық активтермен жұмыс
- Отандық және шетелдік стратегиялық инвесторларды тарту
- Стрестік активтерді басқару