Инвестиционный Фонд Казахстана

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Қор ашық, адал және этикалық іскерлік мінез-құлық қағидаттарын басшылыққа алады, сондай-ақ кез келген көріністерде сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықты анықтау және оған қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.

Қордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды іске асыруды Қордың қауіпсіздік қызметі жүзеге асырады.

Қордың Басқармасы 2018 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы, әкімшілік және қылмыстық заңнамаларына, қолданылатын халықаралық заңнамаларға және «үздік тәжірибеге» сәйкес келетін Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын бекітті. Саясат клиенттерді, контрагенттерді, серіктестерді және жұртшылықты Қорда қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттары туралы хабардар ету мақсатында Қордың ресми сайтында орналастырылған.

Осы саясаттың негізінде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарушылық және ұйымдастырушылық негіздер бар, оларда Қор клиенттерінің бенефициарлық меншік иелерін белгілеу, заңды және/немесе жеке тұлғалардың Қорға келіп түскен өтініштері бойынша, қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол беру фактілері туралы қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу жөніндегі іс-шаралар көзделген.

Қор қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық мінез-құлық тәуекелдерінің алдын алу және азайту мақсатында ресми сайтта ерте ден қою нысанын орналастыру арқылы Қор басшылығының клиенттермен және Қор қызметкерлерімен кері байланысы жолға қойылды. Осы нысан арқылы Қор басшылығына Қордың мүдделеріне нұқсан келтіруі немесе беделіне нұқсан келтіруі мүмкін қызметкерлердің орынсыз мінез-құлқының белгілі фактілері туралы хабарлауға болады.

Клиенттің кредиттік құралды алуға арналған өтініш-сауалнамасында мынадай мазмұндағы ақпарат енгізілді: «Қордың лауазымды адамдары мен қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністері немесе қызметтік этиканы бұзу фактілері бойынша белсенді азаматтық ұстаным көрсетуді және: +7(727)339-15-55, сенім телефоны бойынша хабарлауды немесе Қордың ifk@ifk.kz пошталық мекенжайына ресми хат-өтініш жолдауды сұраймыз.

Қордағы алаяқтық және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы құпия хабарлау үшін жазу құрылғысы және автоматты жауап беру құрылғысы бар «қызу желі» (сенім телефоны) ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдар мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермеленеді. Заңнаманың талаптарына сәйкес тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі.

Инвестициялық жобалармен жұмыс істеу кезінде өтінім берушілердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру жағдайларына қатыстылығы, сондай-ақ шетелдік жария лауазымды адамдарға тиесілігі тұрғысынан тексеру міндетті түрде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, өтінім берушінің іскерлік беделі оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін санкциялар қолдану тұрғысынан тексеріледі. Оффшорлық аймақтарда өтінім берушілерді, құрылтайшыларды, бенефициарлық меншік иелерін тіркеу фактілерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

Азаматтарды Қорға жұмысқа қабылдау кезінде ұсынылған дербес деректердің дұрыстығы мен толықтығына, оның ішінде соттылығының болуы/болмауы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы тексеру жүргізіледі.

Бұдан басқа, Қорда қаржылық бақылау шаралары жұмыс істейді, оған сәйкес басқарушылық функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар (Басқарма мүшелері) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады.

Қор қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру мақсатында оқыту іс-шаралары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын білуге арналған ішкі оқыту жүргізіледі.

Қор тұрақты негізде алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің тәуекелдерін болдырмау бойынша жұмыс жүргізеді және шаралар қабылдайды.