Адамдар – біздің ұйымның басты байлығы. Біздің қызметкерлеріміз Қор қызметі табыстылығының негізгі қозғаушы күші деп санаймыз.
Қор қызметкерлердің өздерін кәсіби тұрғыдан жүзеге асыруы үшін барлық күш-жігерін жұмсайды, қызметкерлерді тренингтер мен біліктілікті арттыру курстарына жібереді, сонымен қатар танылған ақпараттық жүйелер мен деректер қорына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бос жұмыс орындары
«ҚИҚ» АҚ бос лауазымдарға үміткерлерге тең мүмкіндіктер ұсынады. Үміткерлерді қарау барысында біз әділеттілік, демократия, гендерлік теңдік қағидаттарына сүйенеміз, сондай-ақ ұйымның өндірістік және бизнес талаптарын басшылыққа аламыз.
Мүдделі позиция туралы міндетті белгісі бар түйіндемені мына мекенжайға жіберу қажет: ifk@ifk.kz. Егер Сіздің біліміңіз және/немесе тәжірибеңіз бос жұмыс орнының талаптарына сай болса, біз Сізге міндетті түрде хабарласамыз.