Инвестиционный Фонд Казахстана

Корпоративтік басқару

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ өз қызметінде қазіргі заманғы корпоративтік басқару жүйесінің қағидаттарына негізделеді және корпоративтік басқаруды үш негізгі компонент бойынша бағалайды: құрылымы, процестері және ашықтығы.

Қордың бекітілген құрылымына сәйкес компания қызметіне жалпы басшылықты Директорлар кеңесі жүзеге асырады, ол компанияның ағымдағы қызметінің міндеттерін шешуді оның төрағасы бастаған Басқармаға табыстайды. Директорлар кеңесінің міндеттері мен құзыретіне Қордың тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеттеріне және Қор стратегиясының тиісті ережелеріне жауап беретін компанияның перспективалық дамуының негізгі мәселелері бойынша шешімдер әзірлеу және қабылдау кіреді.

Қор корпоративтік басқару саясаты мен тәжірибесін үнемі жетілдіріп отырады. Қорда компанияның құндылықтарын, сондай-ақ оның жұмысы мен сыртқы коммуникацияларының негіздерін айқындайтын Корпоративтік басқару кодексі мен Іскерлік этика кодексі қолданылады.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік

Қор өз қызметінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алады.

Отандық өндірушілерді қолдау шеңберінде Қор тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жоспарындағы қазақстандық қамту үлесін жоспарлы түрде арттырады. Жас мамандарды қолдау мақсатында Қор жыл сайын студенттерді практикаға және тағылымдамаға қабылдауды жүзеге асырады және осылайша жыл сайын кәсіби кадрларды қалыптастыруға өз үлесін қосады. Қор қызметкерлерінің бастамашыл тобы компания атынан халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына үнемі көмек көрсетеді.