Қордың тарихы
- «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ (бұдан әрі – ҚИҚ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №501 қаулысымен құрылды.
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы №571 Жарлығына сәйкес ҚИҚ акцияларының 100% пакеті «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-на берілді.
«Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беретін және талап ету құқығын басқаға беруден түсетін, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған табыстары жиынтық жылдық табысынан алып тасталуға жататын заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 733 қаулысының негізінде Қор және «Қазақстанның даму банкі» АҚ (бұдан әрі – «ҚДБ» АҚ) арасында «ҚДБ» АҚ проблемалық жобалары бойынша құқықтарды (талаптарды) беру бойынша шарттар жасалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ҚИҚ-ны бәсекелестік ортаға беру бойынша іс-шаралар жүргізді. Осыған байланысты, 17.08.2021 жылдан бастап ҚИҚ Жалғыз акционері «D-Personnel» ЖШС болды.
- 02.11.2023 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.10.2023 жылғы № 896 қаулысына сәйкес ҚИҚ акцияларының пакеті 100% мөлшерінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-на одан әрі беру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне (бұдан әрі – ММЖК) берілді. Осыған байланысты ҚИҚ Жалғыз акционері бүгінгі күні ММЖК болып табылады.
- 11.07.2024 жылы Қазақстан Республикасының қаржы министрі М.Т. Такиев «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ қызметін трансформациялау жөніндегі жол картасы бекітті, оған сәйкес ҚИҚ 06.09.2024 жылға дейін «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-на қосылуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 наурыздағы № 187 қаулысымен №896 қаулыға өзгерістер енгізілді, оған сәйкес ММЖК-не «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ орналастыратын акцияларына төлем ретінде Қор акцияларының мемлекеттік пакетін (100%) беру тапсырылды.
- 11.04.2025 жылы ММЖК мен «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ арасында Қор акцияларының 100% мемлекеттік пакетін сенімгерлік басқару шарты жасалды, оған сәйкес ММЖК Қор акцияларының 100%-ын «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ орналастырылатын акцияларын төлеуге бергенге дейін «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-на сенімгерлік басқаруға берді.