Ынтымақтастық нұсқалары
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ әлеуетті инвесторларды экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобаларды іске асыруда өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырады. Қор инвестициялық жобаны іске асыру кезінде кәсіби ұйымдастырушылық, ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетуге дайын.
Ынтымақтастықтың ықтимал нұсқалары:
- Активтерді келесі реттілікпен өткізу:
-
- • Бағаны көтеру айдарымен реестрдің веб-порталында электрондық аукцион өткізу;
• Біржолғы төлеммен (бөліп төлеусіз) тікелей атаулы сату;
• Бағаны төмендету айдарымен реестрдің веб-порталында электрондық аукцион өткізу;
• Бөліп төлеу шартымен тікелей атаулы сату (мерзімі 5 жылдан аспайды).
- • Бағаны көтеру айдарымен реестрдің веб-порталында электрондық аукцион өткізу;
-
- Активтерді басқару:
- Қордың инвестициялық жобалармен жұмыс істеу тәсілдерінің бірі — Жалға алушымен (Арендатормен) мүліктік шарт жасасу. Бұл ретте Қордың меншігі жалдау ақысы үшін арендаторға уақытша иеленуге және пайдалануға (немесе тек уақытша пайдалануға) беріледі.
Жалға алу шартын жасасу Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қордың Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
• Сенімгерлік басқару:
Қор мүлікті белгілі бір мерзімге басқа тарапқа (сенімгерлік басқарушыға) сенімгерлік басқаруға береді, ал екінші тарап — сенімгерлік басқарушы бұл мүлікті басқару құрылтайшысының немесе ол көрсеткен тұлғаның — пайда алушының (бенефициардың) мүддесі үшін басқаруға міндеттенеді.
- Сенімгерлік басқаруға беру Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қордың Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады;
- Мүліктік кешенді инвестордың басқаруына беру;
- Қор қаржылық қызметті бақылауды қамтамасыз ететін өз өкілін тағайындайды.