Инвестиционный Фонд Казахстана

«Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ мен «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Алматы, 2025 жылғы 29 тамыз

«Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ мен «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ инвестициялар тартуға және активтерді іске асыру тиімділігін арттыруға бағытталған Ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.     

Бұл құжатқа қол қою арқылы тараптар Қордың басқаруындағы активтерді өткізу бойынша стратегияларды бірлесіп әзірлеу, сондай-ақ әлеуетті инвесторлардың кең ауқымын тарту үшін қажетті жағдайлар жасау туралы уағдаластықтарын бекітті. Бұл ынтымақтастық инвестициялық үдерістердің ашықтығын арттырып, Қазақстанның капиталды ұзақ мерзімге салуға арналған сенімді алаң ретіндегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді.     

Әріптестік аясында тараптар активтерді іске асыру бойынша кешенді стратегияны бірлесіп әзірлеуге, инвесторлар үшін сараптамалық мәліметтермен және ақпаратпен жүйелі түрде алмасуға, бірлескен іс-шаралар мен келіссөздер жүргізуге, сондай-ақ басым жобаларды пысықтау үшін жұмыс топтарын құруға келісті.     

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ атынан қол қойылған Меморандум активтерді тиімді басқарудың және барлық үдерістердің ашықтығын арттырудың жаңа мүмкіндіктерін ашатыны атап өтілді.

       Өз кезегінде, «KAZAKH INVEST» АҚ Қорымен ынтымақтастық инвесторларға құрылымдалған әрі болашағы зор жобаларды ұсынуға мүмкіндік беріп, Қазақстанның аймақтағы ең тартымды инвестициялық бағыттардың бірі ретіндегі позициясын нығайтатынын баса айтты.

Меморандумда қаржылық міндеттемелер көзделмеген, алайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылатын ұзақ мерзімді әрі нәтижелі өзара іс-қимыл үшін институционалдық негіз қалайды.