Тері-былғары зауыты – ауданы 7,9 га жер учаскесінде орналасқан ғимараттар мен құрылыстар, ғимараттардың ауданы шамамен 40 мың ш.м., нысаналы мақсаты – ірі қара малдың терісін қайта өңдеу және хром иленген былғары жартылай фабрикатын, дайын тауарлық аяқ киім, жиһаз, құрғақ тері, қой терісі-тон жартылай фабрикатын шығару.
Жылжымалы мүлік: әрлеу, жібіту-күлді, илеу, тоқыма және басқа цехтардың жабдықтары, тазарту құрылыстарының жабдықтары мен инженерлік желілері. Комбинатты қайта құру 2011 жылы жүргізілді.




