«Астана-Контракт» АҚ және «Paragon Development» ЖШС

Объектінің фотосуреті

3 4 5

Инвестициялық жоба туралы мәлімет

Жоба атауы «Астана-Контракт» АҚ және «Paragon Development» ЖШС
Нысаналы мақсаты «Тарамданған көлік-логистикалық тізбек құру».
Жоба өңірі Қазақстан, Алматы қ., Астана қ.
Активтер (ҚИҚ мәртебесі және қатысу үлесі) ·         Алматы қаласындағы КЛО-ның операциялық қызметіне тартылған жылжымайтын мүлік (инвесторға сатылды);

·         Астана және Алматы қалаларының жер телімдері (Қор теңгерімінде).

Болжалды өнім Өндірістік қуаты:

1. Алматы қаласындағы көлік-логистикалық орталығы (бұдан әрі – КЛО) (инвесторға сатылды):

·         А класына жататын 48 500 м2 қойма бөлмелер

·         Сөрелерге жинау биіктігі 12 м (6 қабат)

·         65 000 паллет-орын

·         1 700 м2 кеден қоймасы

·         7 000 м2 уақытша сақтау қоймалары

·         қойма жанындағы 2 500 м2 кеңсе бөлмелері

·         бір уақытта 48 автомашинаға дейін, 28 т/ж вагонына дейін өңдеу

·         Қойма кешенін басқару жүйесі: WMS Exceed 4000

·         Температуралық бақылау: +17  + 20 (қыс), +20  + 24 (жаз)

·         Алматы қаласындағы контейнер Терминалы – жылына 35 000 ДФЕ

2. Астана қаласының аяқталмаған мультимодальды қойма кешені – құрылысы басталған жоқ.

·         Жер телімдері 39-шы жол айырығы маңайында жалпы ауданы 45 га жер телімінде, Астананың айналып өтетін орамды жолына жақын, Астана — Қостанай, Астана — Көкшетау — Петропавл тас жолдарының арасында, жүк тасымалдауға таптырмас жерде орналасқан.

Жобаның артықшылықтары:

·         Мультимодальды жүк тасымалына қызмет көрсете алатын мультимодальды қойма кешенін, яғни логистикалық ғимараттар кешенін (А және Б класына жататын қоймалар, контейнерлік алаң, көкөніс қоймасы мен кеден қоймаларын) салу жоспарланған болатын.

·         Темір жолдың тұйықталған басына жақын болу.

·         Астана қаласында қойма орындарының 1000 адамға шаққандағы саны әлемнің өзге қалаларымен салыстырғанда әлдеқайда аз, Алматы қаласында да дәл осы жағдай, бұл қалада қойма қызметтерін көрсетуде ұсыныстың шамалы екендігіне және даму әлеуетіне өзіндік бір дәлел.

Өткізу нарығы ҚР
Жоба стратегиясы Жер телімдерін инвесторға сату