Директорлар кеңесі

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ

Директорлар кеңесі, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және Қордың Жарғысымен Қордың Жалғыз акционерінің және Басқармасының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, оның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын «ҚИҚ» АҚ басқарудың алқалық органы болып табылады. Директорлар кеңесінің қызметі қисындылық, тиімділік, белсенділік, ниеттестік, адалдық және жауаптылық қағидаттарына негізделеді.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ директорлар кеңесінің құрамы

omarhodzhaev

Омарқожаев Әнуар Сағынәлиұлы
Директорлар кеңесінің төрағасы

1973 жылғы 31 қазанда Жамбыл облысында туған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетін инженер-механик мамандығы бойынша аяқтаған. 1999 жылы «Болашақ» бағдарамасы бойынша Бремен институтының машина құрастыру факультетін аяқтаған.

Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерін меңгерген.

Өндірістік тәжірибені Мәскеудегі Лихачев атындағы зауытта (ЗИЛ) (Ресей), Варендорф қ. «DEULA» аграрлық техника кәсіпорнында және Бремен қаласындағы «Siemens» концернінде (Германия) өтті.

Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінде атташе қызметінен бастады. 2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының ГФР-дағы Елшілігінің үшінші хатшысы. 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Хаттамасының бас инспекторы. 2007 жылы – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары – хаттамалық қызметінің басшысы.

2007-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің сыртқы байланыс және хаттама бөлімінің меңгерушісі – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі хаттамасының басшысы.

2014 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі. 2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесі басшысының орынбасары.

2016 жылдан бастап «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Жалғыз акционердің 2017 жылғы 27 қаңтардағы шешімімен («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысының №02/17 хаттамасы) «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінде акциялары жоқ.

abramov

Абрамов Игорь
Директорлар кеңесінің мүшесі
Тәуелсіз директор

1962 жылы туған, АҚШ азаматы. 1987 жылы Джорджтаун университетінің заң факультетін (Вашингтон, Колумбия округі) аяқтаған. 1986-1987 жылдары — заң этикасы туралы Джорджтаун журналының мүшесі-құрылтайшысы және редакторы. 1985-1986 жылдары — кіші редактор, заңнама жөніндегі ұлттық еврей шолуы. Сондай-ақ, 1984 жылы Колумбия университетінде саяси ғылымдарды оқыды.
Еңбек жолын 1988 жылы Израильдің Жоғарғы сотында сот клеркі қызметінен бастады. 1987-1990 жылдары – Сан-Францискода (Калифорния штаты) қауымдастырылған адвокат. 1990-1994 жылдары – Сан-Францискодағы (Калифорния штаты) MRA Overseas Resources, Intl. компаниясының Вице Президенті және Бас кеңесшісі. 1994-1997 жылдары – Халықаралық сауда кеңесшісі, Лафайетт, Калифорния штаты. 2005-2016 жылдары – АҚШ кәсіпкерлер палатасында сауда, сауда жолдары және құралдары жөніндегі қосалқы комитеттің сауда мәселелері жөніндегі аға кеңесші, Вашингтон, Колумбия округі. 1997-2008 жылдары АҚШ Сауда министрлігінің Халықаралық сауда басқармасында Тиімді басқару бағдарамасының директоры, Вашингтон, Колумбия округі. 2008-2014 жылдары – Heenan Blaikie LLP және HB Global Advisors компанияларының халықаралық даму жөніндегі кеңесшісі және Вице Президенті, Торонто, Канада.

Қазіргі таңда Партнер, Dorsey & Whitney LLP, Пало Альто, Калифорния американдық, канадалық және халықаралық клиенттерге халықаралық сауда және инвестициялар, халықаралық іскерлік операциялар, корпоративтік басқару, сәйкестік этикасы және мәселелері, сонымен қатар АҚШ экспорттық бақылау ережесін реттеу мәселелері жөнінде кеңес береді. Жауапкершілігінің мамандандырылған географиялық аймақтары: Шығыс еуропа, Орталық Азия және Ресей, сонымен қатар Орталық Америка. Заң қызметтерімен қоса, Стэнфорд университетінің заң факультетінде корпоративтік басқару және этика бойынша дәріс береді. Жеті тілде жарияланған және 25-тен астам елге, сонымен қатар Бүкіләлемдік банк институтына бейімделген үш кітаптың, оның ішінде «Іскерлік этика: Басқару жөніндегі нұсқаулық», «Дамушы елдердегі жауапты бизнес-кәсіпорын» атты кітаптардың редакторы және бірлескен авторы.

Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінде акциялары жоқ.

alimanov_2

Алиманов Жанат Жалғасбайұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі
Тәуелсіз директор

1977 жылы туған, Қазақстан Республикасы азаматы.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін үздік тәмамдады.

2000 жылы Болашақ бағдарламасы бойынша Дюк университетінің (Солтүстік Каролина, АҚШ) корпоративтік құқық магистратурасын аяқтады.

2007-2008 жж. – Қазақстанның Тәуелсіз директорлар қауымдастығының атқарушы директоры

2004-2007 жж. – «Сапиени» компаниясының атқарушы директоры

2000-2004 жж. заң қызметімен айналысты, оның ішінде «Фармация» АҚ-ның заң департаментінің директоры болды.

Нью-Йорк штатында (АҚШ, New York Bar) заң қызметімен айналысу лицензиясына (рұқсатына) ие.

2008 жылдан бастап КИМЭП құқық мектебінің доценті.

2013 жылдың 4 маусымынан бастап «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, аудит жөніндегі (Комитет төрағасы), кадрлар және сыйақылар жөніндегі (Комитет төрағасы), әлеуметтік мәселелер жөніндегі, стратегиялыө жоспарлау жөніндегі және тәуекелдерді басқару жөніндегі комитет мүшесі. Жалғыз акционердің 2016 жылғы 31 мамырдағы шешімі («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысының №25/16 хаттамасы.)

Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінде акциялары жоқ.

medeuov

Медеуов Үсенгелді Өміржанұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі
Тәуелсіз директор

1948 жылы 10 қаңтарда Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған аулында туған. Қазақ. Қазақстан Республикасы азаматы.

1966-1971 жж. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-экономист мамандығымен аяқтады.

Еңбек жолын 1971 жылы экономист қызметінен, Қазақ КСР мемлекеттік жоспарлау (Алматы қ.) жанындағы Ғылыми-зерттеу экономикалық институтының кіші ғылыми қызметкерінен бастады. 1981 жылдан бастап Таскескен аудандық дайындау кеңсесінде тауартанушы-ұйымдастырушы, кейін Семей облысының Таскескен аудандық жұмысшылар кооперативі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Кейінірек, 1984-85 жж. Таскескен аудандық тұрмыстық комбинатының директоры, 1986 жылы Қазақ КСР Тұрмыстық қасыздандыру министрлігінің еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу секторы (Алматы қ.) басшысының орынбасары болды.

1986-1990 жылдары тұрғындарды тұрмыстық қамсыздандыру министрінің көмекшісі, Қазақ КСР Тұрғындарды тұрмыстық қамсыздандыру министрлігінің істері басқармасының басшысы. 1991-1994 жж. – Қазақстан Республика Еңбек министрлігінде бөлім басшысы қызметінде болды. 1994 жылдан бастап ҚР Президенті жанындағы ммлекеттік секторда – Бас бақылау инспекциясыныңда, кейін 1995-2007 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлкеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі IV-V шақырылымының депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет мүшесі.

Мерейтойлық медальдермен, «Ерен еңбегі үшін» медалімін, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Медеуов Үсенгелді Өміржанұлы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның үлестес тұлға емес.

Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінде акциялары жоқ.

Сәкішов Ермек Рахатұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі

Сәкішов Ермек Рахатұлы Қазақ мемлекеттік заң университетін, Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын аяқтады.

Еңбек жолын 2005 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маман қызметінен бастаған. 2005 жылдан 2007 жылдар аралығында жеке сектор компанияларында, ал 2008 жылдан 2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде сарапшыдан бастап әлеуметтік-экономикалық мониторинг секторының меңгерушісіне дейінгі сатыларда қызмет еткен.

2011 жылы «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да инновациялық саясат департаментінің директоры болып қызмет атқарған. 2012 жылдан 2014 жылдар аралығында жеке сектор компанияларында басшылық қызметте болған. 2015 жылы «Байтерек девелопмент» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болған.

Жалғыз акционердің 2016 жылғы 14 сәуірдегі шешімімен («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысының №18/16 хаттамасы) «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болып сайланды.

Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінде акциялары жоқ.

%d0%b2%d1%8f%d1%87%d0%b5%d1%81%d0%bb%d0%b0%d0%b2-%d1%81%d0%be%d0%bd

Сон Вячеслав Владимирович
Директорлар кеңесінің мүшесі

Вячеслав Сон Қазақ гуманитарлық заң университетін (құқықтану), Заманауи гуманитарлық университетті (лингвистика), сонымен қатар Халықаралық бизнес университетін (МВА, қаржы және кредит) аяқтаған. Вячеслав Сонның заң саласында 12 жылдық басқарушылық жұмыс өтілі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы «Қазақстан Даму банкі» АҚ тобында бағалы қағаздармен жұмысты құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңгері лауазымынан бастап, Заң департаментінің директорына дейін көтерілді. Одан кейін «Тау-кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ басқарушы директоры, ҚР Қорғаныс министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт» РМК бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2013 жылдан бастап «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Аудит және бақылау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Вячеслав Сон «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарушы директоры болып тағайындалды. Оның құзыретіне құқықтық қамсыздандыру мәселелері кіреді.

Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінде акциялары жоқ.

Біртанов Есжан Амантайұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі

Есжан Біртанов өзінің еңбек жолын  ҚР Ұлттық банктің Монеталық операциялар департаментінің бас дилері қызметінен бастады.

Департаментте түрлі лауазымдарда жұмыс істеп, 2005 жылы директордың орынбасары болып тағайындалып, 2012 жылы 85 млрд АҚШ долларын құраған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің  алтын-валюталық активтерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының  активтерін инвестициялық басқаруды бақылау жұмысын атқарды.

2012 жылы Есжан Амантайұлының тікелей қатысуымен «Ұлттық Банктің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ құрылды. ҚР Президентімен келісім бойынша Корпорация басқармасының бірінші төрағасы болып тағайындалды, онда ол 2012 жылдың қазан айынан 2014 жылдың наурыз айына дейін жұмыс істеді.

2014 жылдың сәуір айынан 2015 жылдың маусым айына дейін Біртанов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының кеңесшісі және Жоспарлау және бюджет департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

Өз еңбек жолында Біртанов «Standard Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ, «Орталық бағалы қағаздардың депозитарийі» АҚ және «Қазақстан қор биржасы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болған.

Компанияның бәсекелестері мен жеткізушілерінің акциялары жоқ.

 

Лауазымы Аты-жөні Құжат деректемелері
1 Директорлар кеңесінің төрағасы Омарқожаев Әнуар Сағынәлиұлы Жалғыз акционердің 2017 жылғы 27 қаңтардағы шешімі («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысының №02/17 хаттамасы.)
2 Директорлар кеңесінің мүшесі Биртанов Есжан Амантаевич Жалғыз акционердің 2018 жылғы 31 қаңтардағы шешімі («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысының №0№03/18
3 Директорлар кеңесінің мүшесі Абрамов Игорь Жалғыз акционердің 2016 жылғы 31 мамырдағы шешімі («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысының №25/16 хаттамасы.)
4 Директорлар кеңесінің мүшесі Алиманов Жанат Жалгасбайұлы Жалғыз акционердің 2016 жылғы 31 мамырдағы шешімі («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысының №25/16 хаттамасы.)
5 Директорлар кеңесінің мүшесі Медеуов Үсенгелді Өміржанұлы Жалғыз акционердің 2016 жылғы 19 шілдедегі шешімі («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысының №30/16 хаттамасы.)
6 Директорлар кеңесінің мүшесі Сәкішов Ермек Рахатұлы Жалғыз акционердің 2016 жылғы 14 сәуірдегі шешімі («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысының №18/16 хаттамасы.)
7 Директорлар кеңесінің мүшесі Сон Вячеслав Владимирович Жалғыз акционердің 2017 жылғы 18 қаңтардағы шешімі («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысының №02/17 хаттамасы.)