Қор басшылығы

Сәкішев Ермек Рахатұлы, Басқарма Төрағасы

Сәкішев Ермек Рахатұлы Қазақ Мемлекеттік Құқық университетін, Қазақ менеджмент, экономика және болжау инстиутын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маман лауазымынан бастаған. 2005 жылдан 2007 жылдар аралығында жеке сектор компанияларында, авл 2008 жылдан 2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде сарапшыдан бастап әлеуметтік-экономикалық мониторинг секторының меңгерушісіне дейінгі  сатыларда қызмет еткен.

2011 жылы «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да инновациялық саясат департаментінің директоры болып қызмет атқарған. 2012 жылдан 2014 жылдар аралығында жеке сектор компанияларында басшылық сатыларын иеленген. 2015 жылы «Байтерек девелопмент» АҚ-ы Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымын иеленген.

Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінде акциялары жоқ.

Қордың жалпы басшылығы, қауіпсіздік, HR

 

 

BekbossunovБекбосынов Айдос Сабыржан-ұлы, Басқарушы директор-Басқарма мүшесі

Бекбосынов Айдос Сабыржан-ұлы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетің (мамандығы – «мемлекеттік және муниципалдық басқару») және Инновациялық Еуразиялық Университетің (МВА) бітірген.

Жалпы жұмыс тәжірибесі 9 жыл, соның ішінде 7 жылдам астам басқарушы ретінде.

Осы кезенге дейн АҚ «Компания по реабилитации и управлению активами» жұмыс істеген.

Қызметке тағайындау уақыты – 23.02.2015 ж.

Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінде акциялары жоқ.

Проблемалы активтермен жұмыс, борыштарды өндіріп алу, тәуекелдерді басқару

 

Сарбасов  Самат Муратович, Төраға орынбасары – Басқарма мүшесі

Сарбасов Самат Мұратұлы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің түлегі, сонымен қатар ҚазЭҚХСУ-де экономика және бизнес магистрі деңгейіне ие. Қазақстан азаматы.

Еңбек жолын ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінде жетекші маман қызметінен бастап, 1999-2003 жж. аралығында қызметтің барлық сатысын — маманнан департамент директорына дейін өтті. 2003-2005 жж. аралығында Қазақстанның инвестициялық қорында еңбек етті. 2005-2007 жж. аралығында PricewaterhouseCoopers компаниясының салық бөлімінде, кейін 2008-2011 жж. «Самұрық» холдингі құрылымдарында жетекші қызметтерді атқарды. 2011-2017 жж. аралығында «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-да корпоративтік басқару саласында еңбек етті. Үлестес компаниялардың акцияларына ие емес.

Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінде акциялары жоқ.

Қордың инвестициялық қызметі

 

DSC7253-2Бахытжан Нигмеджанович Макажанов, Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі

Бахытжан Нигмеджанович Макажанов – «Болашақ» стипендиясының иесі.

Лондонның патшайым Мария университетінің – экономика, қаржы және менеджмент саласында бакалавриатты, сондай-ақ банк ісі және қаржы саласында магистратураны үздік аяқтап шықты.

2012-2013 жылдары «Казгеология» АҚ-да жұмыс істеп жүріп, жобаларды қорландыруды талдамен, бизнес-үдерістер картасын енгізумен айналысты.


2014-2015 жылдары «Активтерді оңалту және басқару компаниясы» АҚ-да Болжау, мемлекеттік сатып алулар, бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры лауазымын және Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі міндеттерін атқарды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінде акциялары жоқ.

Қаржы-экономикалық және шаруашылық-әкімшілік қызмет