Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік

Өз қызметінде Қор корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алады. Отандық өндірушілерге қолдау көрсету шеңберінде Қор Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жоспарындағы қазақстандық қамтудың үлесін жоспарлы түрде ұлғайтады. Жас мамандарға қолдау көрсету мақсатында Қор жыл сайын студенттерді практикаға және машықтануға қабылдауды жүзеге асырады және сөйтіп, кәсіби кадрларды қалыптастыруға жыл сайын өзінің үлесін қосады. Қор қызметкерлерінің бастамашыл тобы компанияның атынан халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне ұдайы көмек көрсетеді.