Корпоративтік басқару

Өз қызметінде «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ корпоративтік басқарудың осы заманғы қағидаттарына негізделеді және корпоративтік басқаруды үш негізгі құрауыштары: құрылымы, процестері және айқындылығы бойынша бағалайды.

Қордың бекітілген құрылымына сәйкес компанияның қызметіне жалпы басшылықты Директорлар кеңесі жүзеге асырады, ол компанияның ағымдағы қызметінің міндеттерін шешуді Төрағасы басқаратын Басқармасына жүктейді. Директорлар кеңесінің міндеттері мен құзыретіне Қордың тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеттеріне жауап беретін және Қор Стратегиясының қағидаларына сәйкес келетін компанияның перспективалы дамуының шешуші мәселелері бойынша шешімдер әзірлеу және қабылдау кіреді.

Қор корпоративтік басқару саясатын және практикасы үнемі жетілдіріп келеді. Қорда компанияның құндылықтарын, сондай-ақ оның жұмысы мен ішкі коммуникацияларының негіздерін айқындайтын Корпоративтік басқару кодексі және Іскерлік әдеп кодексі қолданылады.