Қор тарихы

ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы қаулысымен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ («ҚИҚ» АҚ/Қор) құрылды. ҚР Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №136 жарлығымен Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне сенімгерлікпен басқаруға берілді. 2012 жылғы 28 желтоқсанда «ҚИҚ» АҚ жаңа даму стратегиясын қабылдады. Осы Стратегияға сәйкес Қор қайта құрылымдау және стресті активтерді басқару саласындағы кәсіби басқарушы компания ретінде қалыптасуға бағыт алды. ҚР Президентінің 2013 жылғы 25 мамырдағы №516 жарлығымен «ҚИҚ» АҚ-ның 100%-дық акциялар пакеті «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға берілді.

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 2013 жылы құрылды. Негізгі міндеті – меншік құқығымен өзіне тиесілі және сенімгерлікпен басқаруға берілген ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және өзге де заңды тұлғалардың акциялар пакетін (қатысу үлесін) басқару. Холдинг Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы №571 жарлығымен даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оңтайландыру мақсатында құрылған. «Бәйтерек» холдингінің негізгі міндеттерінің бірі – Холдингтің компаниялар тобының тиімді және бірін-бірі толтыратын жұмысын қамтамасыз ету.

МИССИЯ Мемлекеттік саясатты іске асыру, әлеуметтік бағытталған міндеттерді шешу және «Стратегия – 2050» қойылған мақсаттарға жету үшін, экономиканың басым секторларын қаржыландыру және қолдау көрсету арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына көмектесу.

КӨРІНІСІ 2023 жылға қарай – 2023 жылға қарай – ел экономикасын әртараптандыру, жаңғырту мен тұрақты дамытуды және мемлекеттің әлеуметтік бағытталған міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі қаржы агенті болып табылатын Холдинг.

ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАР Холдинг құрылымына 11 еншілес ұйым кіреді: — Ірі жобалар мен кәсіпорындарды қаржыландыруға, инвестициялауға және экспорттық қолдауға, 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын, 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысатын даму институттары және ұлттық компаниялар: «Қазақстан даму банкі» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «КазЭкспортГарант» СҚ» АҚ және «Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС; — инновациялыө қызметті дамытуға қолдау көрсететін және ШОБ-ты қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының операторлары болып табылатын институттар: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ; — жылжымайтын мүлік, тұрғын үй құрылыс жинағы саласындағы жобаларды іске асыруға тартылған қаржы ұйымдары мен ұлттық компаниялар: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ.

www.baiterek.gov.kz – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ресми сайты