Ынтымақтастық жолдары

Ынтымақтастықтың мүмкін нұсқалары:

  1. Бірлескен кәсіпорынды құру жолымен кәсіпорынды басқару:
  • Қор және әлеуетті инвестор заңды тұлға – Қазақстан Республикасының резидентін (болжамды түрде жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде) құратын болады;
  • Қор қаржылық қызметтің бақылануын жүзеге асыратын өкілді енгізетін болады;
  • Қор барлық қаржылық алғышарттар болған жағдайда жарғылық капиталға нақты қатысудың үлесіне мөлшерлес төленетін дивидендтерді алуға құқылы болады;
  • Инвестор кәсіпорынды айналым капиталымен қамтамасыз ету үшін қажетті ақша қаражаттарының жарғылық капиталға салынуын қамтамасыз етуі тиіс;
  • Бұдан әрі кәсіпорынды іске қосқаннан кейін бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталынан Қордың кезең-кезеңімен шығуы жүзеге асырылатын болады, оның үлесін екінші қатысушы сатып алуға тиіс.
  1. Адресная продажа Жобаны инвесторға мекендік сату:
  • Мүліктің құны тәуелсіз бағалаудың нәтижелері бойынша анықталатын болады;
  • Төлем біржолғы болуы тиіс. Сондай-ақ Қор төлемнің екі жылдан аспайтын кестесі бойынша өзге нұсқаларды қарастыруға дайын.
  1. Сенімгерлік басқару:
  • Мүліктік кешенді инвестордың басқаруына беру;
  • Қор қаржылық қызметтің бақылануын жүзеге асыратын өкілді енгізетін болады.