«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесі өтті

«Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасының Орынбасары Ануар Омарходжаевтың төрағалық етуімен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесі бірқатар мәселелерді қарастырды.

Отырыс барысында «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқармасы мүшелерінің 2017 жылға арналған қызметінің негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп бекітілді.

 Директорлар кеңесінің мүшелерімен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесімен бекітілуге жататын, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ ішкі қызметін реттейтін Құжаттар тізімдемесіне толықтырулар бекітілді.

Отырыс  қатысушылары Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеті туралы ережеге және «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Тәуекелдерді басқару жөніндегі комитеті туралы ережеге өзгертулер енгізді.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ стрестік активтерді қайта құрылымдау және басқару саласындағы басқарушы компания және мемлекеттік даму институты болып табылады. Қор «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы болып табылады.