Қазақстанның инвестициялық қоры «Вест-Агро» нан қабылдау пунктін сатты

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор, ҚИҚ) «Вест-Агро» нан қабылдау пунктінің мүліктік кешенін сату-сатып алу мәмілесін жүзеге асырды.

Бағалардың өсуіне  сауданың қорытындысы бойынша ҚИҚ Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим с. орналасқан нан қабылдау пунктінің мүліктік кешенін сатты. Объектіні сату бағасы 598 339 343 теңгені құрады, бастапқы құны – 569 508 000 теңге. Сауда-саттық «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ порталында өткізілді (gosreestr.kz). Сауда-саттық жеңімпазы «KAZMEAL» ЖШС (КАЗМИЛ) болды.

Бұл нан қабылдау пункті Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дәнді дақылдарды өндіру және өңдеу бойынша  тігінен интеграцияланған агроөнеркәсіп кешенінің бөлігі болады. Құрама жемдердің өндірісі үшін алаң бола тұра, ол жалпы алғанда облыстағы мал шаруашылығын дамытуға әсер етеді.

«Вест-Агро» нан қабылдау пункті» 2013 жылы ҚИҚ теңгеріміне аударылған «Богви» ЖШС компаниялар тобының активтерінің бірі болды. Осы кезеңнен бастап ҚИҚ мемлекеттік қаражатты қайтару жөніндегі іс-шараларды жүргізді. Қазіргі уақытта, өндіріп алу бойныша барлық сот-қуыным іс-шараларын өткізгеннен кейін, Қор сот шешімдерін шығарғаннан кейін алынған мүлікті сатады, ал кәсіпорындарды сауықтыру үшін – инвесторларды тартады.

Осылайша, «Богви» ЖШС-нің активтерінің бірі – Ақмола облысындағы ет комбинаты үшін ҚИҚ кәсіпорынды жалға алып, өндірісті іске қосқан, дайын өнімді шығаруды реттеген және осы жақында ет комбинатын сатып алған «Kazbeef Ltd» ЖШС тұлғасында отандық инвесторды тартты. Сондай-ақ біз жақын арада қалған активтерді отандық инвесторларға оларды кейінгі іске қосу үшін  сатуды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті ҚИҚ Басқарма төрағасы Ермек Сакишев.

ҚИҚ басты міндеттерінің бірі – бұрын өндірістік объектілерге салынған мемлекеттік қаражатты қайтару мақсатымен кейіннен сатумен проблемалық активтерді сауықтыру болып табылады.

Қазіргі уақытта «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ стресті активтерді бәсекелестік ортаға оларды одан әрі іске қосу мақсатында тапсыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ – ұлттық даму институты және стрестік активтерді қайта құрылымдау және басқару саласындағы басқарушы компания. Қор «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады.

Қазақстанның инвестициялық қорының

Баспасөз қызметі

+7 (7172) 55-94-11 (112