Қазақстанның инвестициялық қорында Директорлар кеңесі өтті

«Бәйтерек» Холдингінің Басқарма Төрағасының Орынбасары Ануар Омарходжаевтың төрағалық етуімен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесімен бірқатар мәселелер қаралды.

Көзбе-көз отырыс барысында «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ  жылдық есебі алдын-ала мақұлданды, 2017 жылға «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Даму жоспары мен Даму стратегиясын іске асыру бойынша есептер, сондай-ақ 2018 жылдың бірінші тоқсаны үшін «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ тәуекелдері бойынша Даму жоспарының орындалуы туралы есептер бекітілді. Бұдан басқа, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқармасы туралы ереже, Тізілім, Карталар және Тәуекелдерді басқару саясатындағы өзгерістер, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ 2018 жылға ішкі бақылау жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Сырттай отырыстың қатысушыларымен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мүддесі бар мәмілені жасасу туралы шешім қабылданды, – « Байтерек девелопмент» АҚ  01.03.2018 ж. № 37  кеңсе бөлмелерін жалға алу бойынша  қызметтерді сатып алу туралы шартқа қосымша келісім жасасу арқылы мәміле болып табылады .

Бұдан басқа, Директорлар кеңесімен қаралды: 2018 жылдың 1-тоқсаны үшін «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Ішкі аудит қызметін бағалау жүргізілді, есеп, Ішкі аудит қызметін ұйымдастыру бойынша Қағидалар; Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің, Корпоративтік хатшының жұмысы, оның ішінде 2018 жылдың 1-тоқсанындағы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Корпоративтік хатшысының қызметінің негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есептер.

 

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ – стрестік активтерді қайта құрылымдау және басқару саласындағы басқарушы компания және ұлттық даму институты. Қор «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы болып табылады.