Баспасөз хабарламасы Қазақстанның инвестициялық қорында директорлар кеңесі өтті

«Бәйтерек» Холдингінің Басқарма Төрағасының орынбасары Омарходжаев Ануардың төрағалығымен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның Директорлар кеңесі бірқатар мәселелерді қарастырды.

Сырттай отырыс барысында Директорлар кеңесі, Директорлар кеңесінің комитеттерінің, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның корпоративтік хатшысының 2017 жыл бойынша (оның ішінде, 2017 жылдың 4-тоқсаны бойынша) жұмыстарының есептері,  «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның корпоративтік хатшысының 2017 жылдың 4-тоқсаны бойынша қызметінің түйінді көрсеткіштерін орындау бойынша есептері қарастырылды.

Сырттай отырыс қатысушылары «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның қызығушылық танытатын мәселелері бойынша мәмілелерге келу туралы шешімдер қабылдады, – бұл,  «Цеснабанк» АҚ-мен банк салымдары шарттарын құру, сондай-ақ, «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-мен жалға алу шарттарын құру арқылы мәмілелер.

Сонымен қатар, Директорлар кеңесі акцияларының үлестерінің бөлігі «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-на тиесілі «Досжан темір жолы (ДТЖ)» қызметтерінің мәселелері бойынша шешімдер қабылдады. Осылайша, Директорлар кеңесі «ДТЖ» АҚ-ның акционерлерінің жалпы жиналысының мәселелері бойынша позицияны анықтады: Жарғыға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар бекітілді; 2017 жыл үшін аудитті жүргізетін аудиторлық ұйым анықталды; Директорлар кеңесінің мүшелері сайланды; «ДТЖ» АҚ-ның Директорлар кеңесінің Төрағасы сайланды.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ –  дамудың ұлттық институты және стресстік активтерді қайта құрылымдау және басқару саласындағы басқарушы компания. Қор «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады.