Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облысында зауыттар іске қосылады

«Қазақстанның инвестициялық қоры» (Қор) АҚ екі өндірістік кешен мүлігі бойынша сатып алу-сату мәмілесін жүзеге асырды.

Осылайша, 2017 жылдың желтоқсан айында Қор кеуек бетоннан бұйымдар жасайтын зауыт мүлігі бойынша сатып алу-сату шартын жасады.  Қор Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен «Фотон СҮ» ЖШС ресейлік инвесторын тартты, шарт соммасы 1 569 877  тенгені құрады.

Инвестор тарапынан темір-бетон бұйымдар зауытын қалпына келтіру мен кеуекті бетоннан бұйымдар өндіру бойынша кейінгі ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.  Өндірістік кешенді салу жұмысының 98%-ы аяқталды, қазіргі таңда тоқтатылып қойылды.  Неміс жабдығымен шығарылатын өнім газ блоктары, бөгеттер мен армобелдеулерге арналған қармап алатын қалтасы бар U-тәрізді блоктар, паз-тарақ жүйелері және тауар бетоны ретінде ұсынылады. Жоспарланған өткізу нарығы: Қазақстан және Ресей Федерациясының территориясы.

Сондай-ақ 2017 жылдың желтоқсан айында Қор Ертіс химия-металлургия зауытының (ЕХМЗ) мүлігі бойынша сатып алу-сату мәмілесін жүзеге асырды. Сатып алушы атынан «Сирек ұшырасатын металдар зауыты» ЖШС шықты. Бір жолғы төлем арқылы жүзеге асырылған мәміле құны 433 млн 260 мың теңгені құрады.

Қазіргі уақытта тоқтатылып қойылған зауыт қалпына келтіру мен модернизациялауды қажет етеді. Инвестор тарапынан жеке телімдерді қалпына келтіру арқылы өндірісті жетілдіру, сонымен қатар сирек ұшырасатын ниобий, тантал, молибден, вольфрам және цирконий сияқты металдарды терең өндіру жұмысы жүргізіледі.  Оған қоса, «Сирек ұшырасатын металдар зауыты» компаниясы тарапынан тауар өндірісінің номенклатурасын кеңейтуі және жоғары технологиялардың халықаралық нарығына енуі жоспарлануда.

ЕХМЗ жобалық қуаты бойынша металл ниобийді құйма түрінде 150 тонна/жыл, ал феррониобийді 645 тонна/жыл шамасында өндіру жорамалдануда. Жаңадан іске қосылған зауыттағы қалпына келтірілген жұмыс орындарының саны 430 адамды құрайды.

Ертіс химия-металлургия зауыты – Қазақстандағы ниобий, тантал, неодим, празеодим, самарий, гадолиний, церий және т.б. өндіретін негізгі әрі жалғыз кәсіпорын.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ ұлттық даму институты және қайта құрылымдау мен стресті активтерді басқару саласындағы басқарушы компания. Қор «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады.